Өлеңдер ✍️

  22.09.2022
  176


Автор: Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

ЖАНСУСАР

Қыбыр етпес аптапта сусар шілік.
Тау – ұйқышыл, ит – тыныш, жусан – сұлық.
Шаңырақтан тік түскен найза-сәске
сүйегіне сандықтың тұр шаншылып.
Уіліндей бұлттардың қанатының, ойхой,
Далам – Қазағым – Ана Тілім!..
Суыртпақтап жөн сұрар отағасы,
домбырасын күйлеген бола отырып:
– Ой, сен әлгі...
– Иә, аға, сол баламын!..
«Сорғаласаң шанақтан сорғала, мұң...»
Бұрылады қысық көз.
Мен өйткені,
бұрымына қызының арбаламын!
Ал, қыз бала қырындап піскен қымыз. Жек
көрмейміз қымызды ішкенді біз...
– Білуші едім әкеңді,..
– Мен де білем,
біздің үйден сіз талай түстендіңіз...
Сабырлы да, сыршыл да шіркін ауыл...
Сабадағы қымыздың бұрқырауын! Қысық
көзде сұрақ көп.
Ал, қызында:
қимыл – жеңіл, бұрым – тоқ, кірпік – ауыр! Қыз
балаға сырымды сездір ләйім...
Әй, ұят қой, қарашық оздырмайын...
Келді ақыры қызулы бесті қымыз,
* * *
 сорғалатып жіберер сөздің майын.
...қыза-қыза, домбыра дыңылдаттым. Қыз
баланы қырынан ұғынбақпын. Жас
жүрекпен ойнайтын жасырынбай, жаңа
түрі болды бұл «тығылмақтың».
Сияқтанып даламның ала бұлты,
Жан жаңбырын ішімде қалам іркіп...
Кешкісінде бетке алып құбыланы, кете бардым,
көңілім алабұртып.
Әй, қысық көз, қысық көз – барақ әлді, қимас едіау көңілім қалағанды... Содан бері есімде сол
ауылдың
қызы менен қымызы ғана қалды.
Құйрық жалы төгілген кіл қысырақ
күндер өтті ойнақтап...
Күйкі сынақ!
Мұң аңқыған сезімнің шатқалынан
маңырайды таутеке ұйқысырап.
Қасиетті қалайша іздемейін,
қарашықтар қарауға түзге бейім. Қара
Өлөңім ұшады қазбен бірге, қарып
өтіп тұманды Күз көмейін.
Жаңбыр – жасыл яки көк пе боран,
жалғандықсыз жазирам – Хақ Тағалам!
Қиялыммен бұлттан да көйлек пішіп,
тырауымен тырнаның көктеп алам.
* * *
 Көп ағайын мені, әттең, түсінбеді.
Қысым ба еді ол сонда, түсім бе еді?..
Өлөң үшін әбігер болды ма олар?
Бәрі де әлде өздері үшін бе еді?..
Кісінесе үміттің ақтангері,
ол да жақсы – дәнеме жоқтан гөрі.
Мейірімсіз көп ауыз көкіп-ақ жүр, мені
мұңайтқандарын мақтан көріп.
Құшып алып көңілмен Шар-тарапты,
байғыз үнін тілімнен сорғалаттым. Мен
мұңайсам – ішімде жатар бәрі:
Тау көгеріп, Көл сыздап, қанталап Түн!...
Түн арманын, Тау күшін, Көл талабын
жылтыраған сөздермен саудала, мұң.
Мен – бейшара, Даламның айтқан Сырын
пенделердің тіліне аударамын!
Жусан уыты тамшылап өзегімнен, Өлөң
екендігімді сеземін мен.
Ей, Уақыт, сен бар ғой, берсең маған, ұлып
шыққан Ойлардың кезегін бер!
Өзенім-ай,
мұң-зарың бар ма қанда,
«шөл» деген сөз «өл!» болды дәл маған да!
Ойланғандай боламыз (кешір бізді!), орман
түгіл шілігің қалмағанда!
Жолықпаса жусан – сау, ермен – есен,
* * *
 Мен өзімді іштегі шермен езем.
Ой-арманы жоқ адам, ол да – бәрібір
– орманынан айырылып өлген өзен!
Талай төніп санама мұнар-сұрақ,
өзегімді өртейтін шығар сынақ?
Мұңнан менің өзімді кім құтқарар?
Құмнан сенің көзіңді кім аршымақ?
Жарығына бет бұрып туар Айдың,
бұлт құрсағын бұл Маусым
дұғалайды. Сені қайта тірілтіп
алатындай,
сел-нөсері құйып тұр «Құралайдың»!
Іңір – мылқау, түн – соқыр, таң шолақта
арманшылдың қуаты аңсар-ақ па?
Бүгін, иә, екеуміз удай маспыз,
Сен – нөсерге, бейбағым,
Мен –
шарапқа! Тағы
ішейік!
Ішуге жоқ па негіз?
Ішеді әлі аңқасы кепкен Егіз!
Өлдік пе жоқ қалдық па, жұртқа – бәрібір,
ақыл айта бермесін, жек көреміз!
Мен – бір ұлмын,
түнерген, Сен – бір ұлсың.
Шекемізден сұп-суық тер білінсін!..
Дүниені біз әлі
төңкерерміз... тек...
айығып алайық, ең бірінші!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу