Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  88


Автор: Ербол Бейілхан

Бізді қимай көк жусанды, бетегелі бел тұрды...

Бізді қимай көк жусанды,
бетегелі бел тұрды,
Алтын кірпік, ару өзің,
Алты алашта айтулы.
Тас бұлақтың сылдырындай
сағынамын дауысыңды,
Сенен аумай сәуле шашып,
кекілденіп Ай туды.
Жұлдыздар көп, сансыз көкте
жымың-жымың күледі,
Олар бәлкім, жерде жүрген
бір-бір жанның жүрегі.
Көп тобырдан қашқан жүрек...
қызықпаймын жұлдызға,
...Дара Айым, сырын шертіп,
жүрегіме түнеді...
Ғашықтық-ай, сырлас еткен,
мұңдас еткен қайыңды,
Сезім – көлі түпсіз терең,
оттан бетер жалынды.
Көңілімді көктем етіп, жүрегімді ұрлаған,
Сағынамын, биіктегі дара туған Айымды!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу