Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  90


Автор: Ербол Бейілхан

Сен сөнбеші, жарық күн, сәулелі Ай...

Сен сөнбеші, жарық күн, сәулелі Ай,
Бір нүктемен бітетін дәуренім ай?!
Бастан өтіп барады оралымыз,
Майдан көрмей, оқ тимей жаралымыз...
Көк аттыға тоқым боп көңіл деген,
Дүр рухымды талауда өмір деген.
Қасқыр емген, мұқал ма қайран намыс,
Көздеп жатқан нысанам айдан да алыс.
Алпыс екі тамырда билеген қан,
Биіктерге жетпейді сүймеген жан.
Аспан асты тоғысқан тағдырымыз,
Неге жерде бірге емес, әз күніміз?
Сен сөнбеші, жарық күн, ғашық айым,
Мен баладай мойныңа асылайын!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу