Өлеңдер ✍️

  20.08.2022
  80


Автор: Серік Ақсұңқарұлы

ПУШКИНМЕН КЕЗДЕСУ

Тарқамаған балалықтың базары,
Муза келіп ала берген мазаны.
Сәби едім. Сәби шерін қозғасын.
Өлеңменен ерте есейдім өз басым.
Александр жырларынан азалы
Адамзаттың көрдім ащы көз жасын.
Оранып ап қыста... жылы көрпеге,
Бала тәнім отты ойлардан өртене,
Жаттым жылап көңілден бір күй кетіп.
Балалықты даналық кеп – күйретіп:
Ақын қаны тамған мұңды өлкеге
Муза мені алып кетті сүйретіп!
Көз алдымда зулап өтіп бар кескін,
Қиялымда қыршынымда-ақ қан кештім.
Менің досым – досы барлық Пушкиннің.
Менің досым – қасы барлық Дантестің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу