5-9-сыныптарына арналған "Дүниежүзі тарихы" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы

Түсінік хат

Қазақстан Республикасы

Оқу - ағарту министрлігінің

2022 жылғы 16 қыркүйектегі

№ 399 бұйрығына

62-қосымша

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Дүниежүзі тарихы" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы

Жалпы ережелер

      1. Оқу бағдарламасы "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес әзірленген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген).

      2. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында тарихи сана, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрмет қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту және зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту.

      3. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің міндеттері:

      1) адамзат өркениетінің ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының негізгі кезеңдері және түрлі халықтардың тарихи даму жолының ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру;

      2) әлемнің тарихи дамуы барысында қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі туралы білім беру;

      3) негізгі оқиғалар, құбылыстар мен тарихи даму процестерінің мәні туралы түсінік қалыптастыру;

      4) тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін дүниежүзі тарихы контекстінде сын тұрғысынан талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыру мен дамыту;

      5) тарихи деректердің негізінде дәлелді пайымдау дағдыларын дамыту;

      6) тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау);

      7) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

      8) коммуникативті дағдыларды қалыптастыру, соның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қоса алғанда, басылымдар мен электронды құралдарды қолдану.

2-тарау. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 1-параграф. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәнінің мазмұны

      4. "Дүниежүзі тарихы" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:

      1) 5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;

      2) 6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;

      3) 7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;

      4) 8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;

      5) 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

      Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелді).

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны

1-тоқсан

5-9 сыныптар

2

2

2

2

10-11 (ҚГБ. ЖМБ)

1

1

1

1

10-11 (ҚГБ. ЖМБ)

Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен)

1

1

1

5-9 сыныптарда және 10-11-сыныптардағы жаратылыстану-математика бағытында (ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 2022 жылғы 26 қаңтардағы бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) «Дүниежүзі тарихы» пәнінің апталық жүктемесі 1 сағатты құрайды. Сондықтан, осы оқу жоспарларымен оқытылатын «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.

2023-2024 оқу жылында «Дүниежүзі тарихы» бойынша келесі оқулықтар пайдаланылатын болады:

  • 5-сынып – 5-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (ежелгі заман: шамамен 2,5 млн жыл бұрын – V ғасыр);
  • 6-сынып –6-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (ортағасырлар кезеңі: V - XVII ғасырлар);
  • 7-сынып – 7-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (жаңа заман кезеңі: XVIII -XIX ғасырлар);
  • 8-сынып – 8-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары ( қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың бірінші жартысы);
  • 9-сынып –9-сыныпқа арналған «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің оқулықтары (қазіргі заман тарихы кезеңі: XX ғасырдың екінші жартысынан бүгінгі күнге дейін)

Ежелгі заман тарихы 5-сынып, аптасына – 1 сағат, барлығы 34 сағат

/Бөлім/

Тақырыптар

Сабақ тақырыбы

Оқу мақсаттары

Сағаттар саны

Мерзімі

Ескерту

1- тоқсан (8 сағат)

1

2

3

Терімшілер-аңшылардан бастап егіншілер мен мал өсірушілерге дейін

Алғашқы адам қалай пайда болды?

Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына сурет салған?

Неліктен адамдар егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналыса бастады?

БЖБ №1

5.1.1.1 түрлі теориялар негізінде адамның пайда болуын түсіндіру;

5.1.1.2 адамдар тобыры, ру, қауым, тайпа секілді алғашқы бірлестік формаларын және олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру

5.2.2.1 ежелгі адамдардың тұрмыс салтын сипаттау үшін «алғашқы қауымдық өнер» ұғымын пайдалану;

5.2.1.2 тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу

5.4.1.1 кәсіп және шаруашылық түрлерін (терімшілік, аңшылық, балық аулау, егіншілік, мал шаруашылығы, металл өңдеу, айырбас сауда) сипаттау;

5.4.1.2 «неолиттік төңкеріс» ұғымын түсіндіру, оның мәнін ашу;

5.4.2.1 экономикалық ілгерілеуді түсіну үшін шаруашылықтың иемденуші және өндіруші түрлерін салыстыру

1

1

1

4

Өзен алқаптары өркениеттері

Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды?

Өзен алқаптарындағы өркениеттер туралы қалай біле аламыз?

5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау

5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау;

5.2.2.3 ежелгі дүниенің өнеріне сипаттама беру

1

5

6

Ежелгі Египет

Неліктен Египет «Қара жер» деп аталған?

Ежелгі Египет пирамидалары қалай салынды?

5.2.4.2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау;

5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау

5.2.1.2 тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу;

5.2.2.2 Ежелгі Египет ғибадатханалары мен пирамидаларын сипаттау;

5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау

1

1

7

Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін жіберді? БЖБ №2

5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау;

5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау

1

8

Ежелгі Египет тұрғындарының өмірі туралы Тутанхамон табытханасы қандай сыр шертеді?

5.2.1.2 тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу;

5.2.2.2 Ежелгі Египет ғибадатханалары мен пирамидаларын сипаттау;

5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау

1

 2 тоқсан (8 сағат)

9

10

11

12

Қос дөңгелекті арбалар және империялар

Қос дөңгелекті арбаның пайда болуы әлемді қалай өзгертті?

Хаммурапи патша Вавилонды қалай қуатты империяға айналдырды?

Таяу және Орта Шығыстағы ежелгі империялар неліктен қуатты болды?

Ежелгі Орта Азия империялары қаншалықты қуатты болды?

БЖБ №3

5.3.2.1 ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін «империя» ұғымын білу және пайдалану;

5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін талдау

5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін талдау;

5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау;

5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау

5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгерткенін талдау;

5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау;

5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау

1

1

1

1

13

14

15

Ежелгі Үндістан: буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің салтанат құруы

Ежелгі Мохенджо-Даро қаласы қалай жойылып кетті?

Неліктен Ежелгі Үндістанда индуизм буддизмнен басым болды?

Ежелгі сауда орталығы ретіндегі Үндістанның рөлі қаншалықты маңызды болды? БЖБ №4

5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау;

5.2.2.3 ежелгі дүние өнеріне сипаттама беру

5.1.2.3 қоғамның әлеуметтік құрылымын түсіндіру үшін «касталық жүйе» ұғымын қолдану;

5.2.1.3 ежелгі қоғамның дамуына діндердің ықпалын сипаттау

5.4.1.3 ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау;

5. 2. 4. 2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау

1

1

1

16

Ежелгі Үндістанда ғылыми білімдер қаншалықты дамыды?

5.2.4.2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау

1

 3 –тоқсан (10 сағат)

17

18

19

Ежелгі Қытай

Ежелгі Қытайдың ойшылдары нені үйретті?

Терракот әскері Ежелгі Қытай туралы қандай ақпарат береді?

Ежелгі Қытайдың қандай ғылыми жаңалықтары бүгінгі күнге дейін жетті?

БЖБ №5

5.2.3.1 ежелгі философтардың көзқарастарына қарапайым түсіндірме беру

5.3.1.1 ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау

5.2.4.2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау

1

1

1

20

21

22

23

Ежелгі Грекия

Ежелгі Грекия өркениеті бастауын қайдан алады?

Неліктен Ежелгі Грекияны демократияның отаны деп атайды?

Ежелгі Спарта Афиныдан несімен ерекшеленді?

Неліктен Александр Македонский скифтерді бағындыра алмады?

5.2.2.3 ежелгі дүние өнеріне сипаттама беру

5. 3. 1. 1 ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау;

5. 3. 1. 2 Афина мемлекетінде демократияның пайда болуын түсіндіру;

5. 1. 2. 1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау

5. 3. 1. 1 ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін сипаттау;

5. 1. 2. 1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау

5.3.2.1 ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін «империя» ұғымын білу және пайдалану;

5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін талдау

1

1

1

1

24

25

26

Ежелгі Грекия мәдениеті

Ежелгі Грек философтары мінсіз қоғамды қалай елестетті?

Ежелгі Грекия өнері қандай болды? БЖБ №6

Ежелгі Грекияның гимназия, лицей, академиялары нені үйретті?

5.2.3.1 ежелгі философтардың көзқарастарына қарапайым түсіндірме беру

5.2.2.3 ежелгі дүние өнеріне сипаттама беру

5.2.4.2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау;

5.2.4.1 ежелгі қоғамның дамуындағы жазудың рөлін сипаттау

1

1

1

4 тоқсан (8 сағат)

27

28

29

30

Рим империясының гүлденуі

Рим ежелгі дүниенің ең қуатты империясына қалай айналды?

Ежелгі римдік қоғамның дамуы мәдениет арқылы қалай айқындалады?

Спартактың көтерілісі ежелгі Римдегі құлдықты қалай сипаттайды?

БЖБ №7

5.3.2.1 ежелгі заман тарихындағы мемлекетаралық қатынастарды түсіндіру үшін «империя» ұғымын білу және пайдалану;

5.3.1.1 ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін анықтау;

5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін талдау

5.1.2.1 ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау;

5.2.2.3 ежелгі дүние өнеріне сипаттама беру

5.1.2.2 ежелгі дүниедегі құлдықтың ерекшеліктерін анықтау;

5.3.2.3 Ежелгі Римдегі Спартак көтерілісін сипаттау, себептерін анықтау

1

1

1

1

31

32

33

Дәуірлер кезеңіндегі Рим

І-ІІІ ғасырларда Рим империясы қалай дамыды?

IV-V ғасырларда Рим империясы қалай өзгерді?

Ежелгі дүниенің мәдени мұрасы қандай? БЖБ №8

5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін түсіндіру;

5.2.1.3 ежелгі қоғамның дамуына діндердің ықпалын сипаттау;

5.2.1.1 негізгі діни ұғымдарды (Құдай, ғибадатхана, абыз,қасиетті жазбалар, пұт) түсіндіру

5.3.2.2 басқыншылық соғыстар мен империялардың пайда болуы мемлекеттердің шекараларын қалай өзгергерткенін түсіндіру;

5.2.1.3 ежелгі қоғамның дамуына діндердің ықпалын сипаттау

5.2.4.1 ежелгі қоғамның дамуындағы жазудың рөлін сипаттау;

5.2.2.3 ежелгі дүние өнеріне сипаттама беру;

5.2.4.2 ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау

1

1

1

34

Қорытынды қайталау.

ІV тоқсан бойынша оқу мақсаттары

1

Барлығы

34 сағат

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇

Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу