Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  87


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

Қуаныш саған сыйлағам

Қуаныш саған сыйлағам
Қайғы ғып оны қайтардың.
Тағдыр ма қызық қимаған
Мұңымды кімге айтармын?
Күлкіге сені кенелткем
Жасым боп ақты бұл кейін.
Мәжнүн халге жолыққан
Жайымды қалай іркейін.
Түстей боп қалған үзіліп
Алыстап неге барасың.
Сыртыңнан қарар қызығып
Арман боп мәңгі қаласың.
Еркелік назды мұң жеңді,
Аралай алмай гүл-бағын.
Менен ап тәтті күндерді
Айтшы сен, кімге сыйладың?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу