Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  73


Автор: Қазданбай Қосжанов

БЕС ОРДЕНДІ КОМСОМОЛ

Оқ үні күңірене, көкті керней,
Сарнаса бір аттауға ерік бермей,
Жалындап алда жүрді комсомолдар
Жеңілмес Ленин туын алға сермей.
Комсомол жүрді әндетіп шахтада да,
Комсомол тұр өндіріс, вахтада да,
Комсомол – шекараныц күзетшісі,
Онысыз ел тілегі ақтала ма?!
Комсомол отарларда қойбағады,
Комсомол ұрпақ қамы ойлағаны,
Жайнаса нұрлы жүзі, отты көзі
Табысын еңбегінің тойлағаны.
Жанына миллиондардың нұр құятын
Сүйеді коммунистік партиясын.
Сүйеді шын журектен еңбеккер ел
Өз елін – алтын бесік қарт ұясын.
Еңбекке қоса шырқап жүрек үнін,
Танытты алып күшін білегінің.
Сондықтан мақтанышпен дей алады:
«Жеңімпаз ұрпағымын Лениннің».
Нұр ойнап қуаныштың келбетінде
Жүрді әр кез қиындықтың жел беті
Айғақ боп Отанының алғысына
Бес орден жарқырап тұр кеудесінде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу