Қазданбай Қосжанов

Қосжанов Қазданбай Маңғыстау ауданының Ортаеспе ауылында 1938 жылы дүниеге келген. Педагог, ақын. «ҚР Білім беру ісінің үздігі».1956 жылы Шахта орта мектебін бітіріп,бір жыл Шайыр ауылында кітапханашы болады 1957жылы Атырау қаласындағы педагогикалық институтқа түсіп, оны 1962 жылы бітірген.1962-1968 жылдары Маңғыстау ауданындағы Калинин атындағы /қазіргі Тобанияз атындағы/ мектепте оқытушы, 1968-1981 жылдары Аққұдық орталау мектебінде оқу ісінің меңгерушісі , мектеп директоры қызметтерін атқарған.1981-1983 жылдары Құрықтағы №6 орта мектеп директорының орынбасары, аудандық білім бөлімінің әдіскері болып жасады.1983 жылдан өмірінің соңына дейін Қарақия ауданы Құланды орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі болып облыстағы білім беру ісіне үлкен еңбек сіңірді.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: