Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  43


Автор: Қазданбай Қосжанов

ШЫРҚАШЫ ЖАС

Шаттық әнін асқақтата сал бүгін.
Жан-жүйеге құйылсын бір балғын үн.
Жастық жалын алауласа шалықтап,
Шақырады нұр шапақты алтын күн.
Естисің бе, теңізден де бұрқанған,
Таңғажайып толас таппас шырқалды ән.
Сезесің бе, соғып тұр ғой тың самал,
Ертең сенің кен іздейтін қырқаңнан.
Жеті сағат тынысымен жеті күн,
Май күйесін сүртпестен-ақ бетінің
Құйып жатыр сол құрыштан әз ағаң:
Сен басқарар станоктың тетігін.
Білесің бе, бәріне сен қожасың,
Сол үшін де қолыңды алға созасың.
Еңбек етсең өмір берер сыйы көп –
Еңбекпенен сәнді төрге озасың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу