Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  66


Автор: Мырзатай Болат

ҚЫРҒАУЫЛ – ТОҒАЙ

Сырдың бойында,
Достың тойында,
Түртіп жүректі,
Жүрдің ойымда...
Көздеп аулақты,
Тілек қаулапты.
Топ боп тоғайға,
Шештік бармақты!..
Тоғай құлдап біз,
Қызық қумақпыз...
Атып қырғауыл,
Саят құрмақпыз!..
Кешке таныстым,
Әлі алыспын...
Сәулем-қырғауыл,
Төзім тауыстың!..
Қызыл-жасылым,
Жүрші ақырын...
Көрер басқа «аңшы»,
Талға жасырын!..
Қанат сермеші,
Жаным тербеші...
Естір біреулер –
Күле бермеші!..
Күн бар – сырғаңда,
Мін жоқ тұлғаңда!..
Қайтем құс атып-
«Құсым» тұрғанда!..
Тоғай шолайын,
Келсін орайың.
Ілген қырғауыл –
Мен-ақ болайын!..
Қырғауылым-ай!..
Ырғалуын-ай!
Бөтен біреуге –
Бұрма жүзің-ай!
Айнамкөзім-ай!..
Жайнаңкөзім-ай!..
Түсті өзіңе –
Қайдан көзім-ай?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу