Өлеңдер ✍️

  16.07.2022
  119


Автор: Бақтыбай Жолбарысұлы

БАЛАСЫ ЖӨҢКЕБАЙДЫҢ АМАН БОЛЫС

Жас болыс, болыс, болыс, бала болыс,
Болып тұр ұлығымыз қазақ орыс.
Жас та болсаң, басқарып ел құрадың,
Шырағым, бола білгің дана болыс.
Баласы Жөңкебайдың Аман болыс,
Шаңғарақ арасы сай саған қоныс.
Əруағы Есекемнің сенде дейді,
Тыманшы десе-дағы маған болыс.
Лайық Амандікі емес пе деп,
Айтыпты күшіктегі Адам болыс.
Жалайыр Дүнгенеге топ құрғанда,
Сыртыңнан əңгіме ғып тəмам болыс.
Өз елін жаудан бетер тоздырады,
Орнына ел жинаудың жаман болыс.
Мəнсабы кетпейтіндей көрінеді,
Сайланған ел жемекке арам болыс.
Атадан шын туған ұл елін қорғар,
Ел үшін басын берер адал болыс.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу