Бақтыбай Жолбарысұлы

Бақтыбай Жолбарысұлы (1842, Алматы облысы, Текелі — 1902, Ескелді ауданы, Өтенай ауылы, Балдырған жайлауы) — айтыс ақыны.

Жалайыр тайпасының Сиыршы руынан шыққан. Жеті жасында жетім қалып, бірнеше жыл Балқаш, Сексеуіл, Шұрық жақтағы нағашыларының қолында болады. Кейін еліне қайтып келіп, бай ағайындарының малын бағады. Жиын-тойларда өлең құрастырып, ақындығын танытады. Ақыры өнері жалшылықтан құтқарып, өлеңнің соңына біржола түседі. Әсіресе, атақты Тезек төремен айтысы (1861) Бақтыбайдың ақындық даңқын бүкіл Жетісу өңіріне әйгілі етеді. Төренің айбынынан ықпай, оның әлсізге жасаған зорлық-зомбылығын бетіне басады. Ақынның өзге де әділетсіз бай, болыс, т.б. мықтыларды әшкерелеген өлең, айтыстары көп.

Бақтыбайдың жекелеген толғау, сықақ, жоқтау өлеңдері көп болғанымен, айтыс өнері оны биікке көтерді. Мәйке қызбен, Арыстан, Жүсіпбек, Әсет, Бәйімбет, Қыпшақбай, т.б. ақындармен айтысы суырып-салма шеберліктің, тапқырлық пен батылдықтың айқын үлгісі.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: