Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  74


Автор: Мұқанбетияр Мақуов

ДОСҚА НАЗ

(Айтуарға)
Көріскен жерде қуаныш толы жүрегі,
Дос дегенің елжіреп тұрмаушы ма еді.
Арымдай қорғап, жоғары ұстаушы едім-ау,
Жалғыз –ақ сендей өмірдің мынау тірегі.
Жаныңды асыл сезініп келем әліде,
Бармашы досым, бармайын менде әріге.
Көңілі құрғыр ортая берер сан келіп,
Бір соқпай кетсең
Жетпей ме соның бірі де.
Тілшісің білем, қиын-ау, қиын жұмысың,
Жазуың керек әр адамдардың тынысын.
Сонда да, сонда, шіркін-ай, ойламайсың-ау,
Досыңа кіріп көңілін сұрау ырысын.
Жігітсің сен бұл күнде сыр тыңдаған,
Жоқ еді-ау, кеудеңде күн жыр тұнбаған.
Кей адамдар айтып жүр «өсіпті» деп,
Әлі де сол күйіңде тұрсың маған..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу