Мұқанбетияр Мақуов

Мақуов Мұқан (Мұқанбетияр) Атырау облысы Жылыой ауданының Ембі ауылдық кеңесінде дүниеге келген. Жылой ауылшаруашылығын механикаландыру училищесін 1965 жылы бітіріп, шофер, тракторист мамандықтарын алып шыққан.
Әскер қатарында Отан алдындағы борышын өтеп келген соң Құлсары белгі беру және сигнализация дистанциясының Опорный байланыс үйінде шофер – монтер, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Боранқұл поселкелік кеңесінде хатшы, Сарықамыс поселкелік кеңесінде төраға болды.
Гурьев педагогикалық институтын бітірген.
Журналистік, ақындық талантын көрсете біліп, Ембі аудандық «Ембі», Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек», Маңғыстау облыстық «Коммунистік жол», Бейнеу аудандық «Ленин жолы» (кейін «Рауан») газеттеріне тартымды очерк, суреттеме, мақала, өлеңдер жариялады. Бейнеу ауданындағы «Қарақұм» кеңшарының атынан бірнеше рет аудандық ақындар айтысына қатысты. Бір топ өлеңдері «Атырау айдыны» (Алматы, «Жалын» баспасы, 1981), «Жылой қаламгерлері» (Алматы, «Исламнұр» баспасы, 2005), «Шежіре –ел тарихы» (Атырау, «Ағатай» баспасы, 2010) кітаптарына енген.
Өмірде құрдас, достарына арнап бір шумақ өлеңді шығарып тастай беретін әзілқой, ойыншыл адам болатын.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: