7 Мамыр (Тақырыбы: «Айбынды-Ұландар»)


Тақырыбы: «Айбынды-Ұландар»

Мақсаты:  Балаларға 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін сезіндіру. Елін, жерін жаудан қорғай білуге, елінің потриоты болуға тәрбиелеу. 

Топтың іші мерекеге сай әдемі,әсем безендірілген.Көңілді әуенмен қолдарына әдемі гүл шоқтарын,әсем шарларын ұстаған балаларкөтеріңкі көңіл-күймен залға кіреді.Жүргізуші:     Құрметті асқар таудай әкелер,арқа сүйер аталар              және де біздің кішкентай ұландар!Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Баршаңызға мықты денсаулық,ұзақ өмір,отбасытарыңызға бақыт,бірлік,береке тілейміз.            Отан қорғаушылар күніне арнап біздің балалар тақпақтарын айтады.

Жүргізуші:   Мейрамдарыңыз құтты болсын Отан қорғаушылар!

Інкәр:        Арыстан батыр – атымыз,            Қыран құс құмай – затымыз.            Жауынгер жалын жасақтың,            Арқалы азаматымыз.

Айару:        Асу бермес шын,құздармыз,            Жауларға қаһар,ызғармыз.            Қатер кеп төнсе халқыма,            Қалқаны болар біз бармыз.

Аңсар:        Отаным,кең далам орманды,            Болаттан соғылған қорғанды.            Бақыттың,шаттықтың мекені            Қолдаймын,қорғаймын ордамды.

Мирас:        Нұр шашады алтын күн            Отанымда мереке!            Қона берсін еліме,            Бақыт,шаттық береке!

Бейбарыс:        Қызмет етіп Отанға            Бола білсең нағыз ер.            Мақтан тұтар ерлерді,            Туған елің,туған жер.

Мадияр:               Отаным анамдай көремін.Озасың бәрінен сенемінЖелбіреп әрқашан көк туымГүлденіп көркейіп өсемін.

Мунира:               Отан -біздің үйімізОтан біздің жырымыз,Отан біздің бақшамыз,Құлпыртатын  гүліміз.

Адина:                  Отан – көкшіл туымыз.Отан біздің еліміз,Отанды қорғап жүремізТуып өскен жеріміз.Барлығы:        Біз Отанның ұланымыз,            Біз Отанның қыранымыз.

   Ән:     «Армиямыз айбынды»  балалардың орындауында.І-шумақ:        Аспанды бұлт жаппасын,            Бүркемесін Ай,Күнді.            Жаулар оғын атпасын-            Армиямыз айбынды.

ІІ-шумақ:    Аққу,қаздар тойлауда,            Мекен етіп айдынды.            Тыныштықты қорғауда-            Армиямыз айбынды.

Би:    «Моряктар биі»  ұлдардың орындауында.

Аружан:Бізді өсірген аялап,            Отан-қамқор,сая бақ.            Отан-ортақ үйіміз.            Көңілді ән мен күйіміз.

Инкар:        Отан деген атамекен,            Отан деген туған жер.            Отан-Ана,Отан-үлкен,            Қазақстан туған ел. Аружан:  Туған жер-алтын таң,            Кең далам,таулы орман.            Ұл мен қыз қорғаймыз,            Бақытты ұлы Отан.Жүргізуші:  Табаны жерге тимейді,             Біздің қыздар ғажап билейді.             Би сұлулық,әсемдік             Сымбаттылық бұл дейді,- дей отырып енді кезекті биге береміз.Жүргізуші:  Қазір көктем мезгілі,көктем мезгілінде даланың бәріәсем,әдемі гүлге толы,ағаштардың бұтақтары бүршік атып,ауа-райы күрт өзгеріп,адамдардың көңіл-күйіде жайнай түседі.    Би:    «Гүлдер вальсі»  балалардың орындауында.Ойын:    «Күш сынаспақ»

Жүргізуші:    Асқақ ән көңілді тербесін,            Тұтпасын күн қара пердесін.            Бақытпен көз ашқан балалар,            Бүлікшіл соғысты көрмесін,- деОтан қорғаушылар күніне арналған мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. (сыйлық беру,мақтау қағаздарымен мараппаттау)        



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу