Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  268


Автор: Аманғали Ербозұлы

ШҮКІРШІЛІК

1
Шүкіршілік ––
Үш қызым, бір ұлым бар.
Шүкіршілік ––
Төрт бірдей құлыным бар.
Шаршағанда демалып ортасында,
Қызықтаумен отырам қылығын бал.
Қазыналық үйім бар үш бөлмелі,
Келіп-кетер дос-жаран түстенгелі.
Қуансамда мұңайсам өлең жазам,
Одан басқа қолымнан іс келмеді.
Өзімше өмір сүруге жас тырбандым,
Көмейіне «құм құйып» қас қылғанның.
Ескендір де кетпеген молаға алып,
Баяғыда-ақ байлықты басқа ұрғанмын.
Ей, жүрегім!
Келгенше толға шама.
Жырым-пірім. Қалмасын ол тасада.
«Жүрегіме жүк артып» жүрген жанмын,
Шүкіршілік, қолдаушым болмаса да.
Берсе болды берерін бұлағай күн,
Табынамын жырына ұлы Абайдың.
Шүкіршілік, бәріне етем тәуба,
Тағдырымнан басқаны сұрамаймын.
Осы, міне, алдыңда жырым, барым,
Көңілінің ұсынар гүлін жарым.
Шүкіршілік, бәрі де шүкіршілік,
Аман болса болғаны құлындарым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу