Өлеңдер ✍️

  10.06.2022
  111


Автор: Серік Тұрғынбеков

ЕРТІС ЖАҒАСЫНДАҒЫ ҚАЛА

Қадірін, қасиетін ұққан жастан,
Әр сөзі тіліп түсер мықты алмастан.
Армысың, аялы ел, саялы жер,
Бір кезде Абай басқан, Мұхтар басқан.
Есіркер ескі өмірдің мұңдасындай,
Еспе жел еркелейді шын досыңдай.
Көшесін толқындардай кеше бердің
Тарихтың тұнып тұрған тұнбасындай.
Талай жыл тылсымыңды ғасыр ұқпай,
Даңқыңды жасырып жыл, асырыпты ай.
Қаншама көне қала болсаң-дағы,
Тұрасың жазылмаған тақырыптай.
Жастардың арманындай алға кетіп,
Жығылған қалың орман жарға жетіп,
Сырғасын сұлулардың алып қайтсам
Ертістің өзенінен жалдап өтіп.
Осылай ардақтаса ел еркесін,
Қыздардың от жанары сені өртесін.
Аспанға ауыз ашқан алып завод
Көне үйге түсіргендей көлеңкесін.
Оралсаң ауыл-аймақ жолын көріп,
Жатады гүл-бәйшешек төрінде өніп.
Қала тұр ақ Ертістің жағасында –
Қарт Семей жас Семейге орын беріп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу