Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  110


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Не жоғалттым бұл өмірде?

Не жоғалттым бұл өмірде?
Көп нəрсені жоғалттым!
Білместіктен ата-анамды қызарттым...
Бірақ, мені əлсіз жанға санама,
Перзентімін тартып туған далаға,
Қолда барда жомартпын,
Сеніміме қол арттым.
Бұл өмірден не таптым мен?
Көп нəрсені таптым мен!
Шырқау көктен қырандарша ақтым мен,
Асау тайдай шаптым қырда жалықпай,
Арман көлін кездім еркін балықтай.
Алау іздеп ақ күннен,
Өлең отын жақтым мен.
Шапағатын үлестіріп ақ таңым,
Текке қарап жатпадым,
Сыбағамды келер күнге сақтадым,
Бос қайтпады қанжығам,
Жоғалтқаннан көп боп шықты тапқаным.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу