Өлеңдер ✍️

  03.06.2022
  78


Автор: Серік Ғабдуллаұлы

Жүрегім, ауырасың...

Жүрегім, ауырасың,
Заманға жауығасың.
Кезіккен кезеңің ғой,
дүрбелең дауы басым.
Өліктей үндемесең,
күндемесең, сауығасың!
Жүрегім, алаңдама,
біреуді жақсылап
не жамандама!
Өмірдің ақ-қарасын
айшықтар Заман ғана...
Жүрегім, жасымаған,
түссе де басыма мұң.
Тамырды тепкілейді
тұлданып тасыр ағын.
Шамаңды шөліркеген
саулықтың саумалымен
асырадым.
Қайғы алса қара аспандай,
тамырда ит таласқандай.
Адалдық арға серік,
адамдық жалғас еріп,
базарда бал ашқандай.
Ойыңның орманында
арманың адасқандай.
Шындықтай шынарыңды,
мұңлықтай мұнарыңды
аңсайсың,
сағынасың сыңарыңды...
Күндердің көлеңкесін
қуалайсың, білмейсің
қай қиырда құларыңды?!
Тастап кет тасқа таңба
таға тектес тұмарыңды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу