Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  133


Автор: Бақыт Беделханұлы

Түсімде

Түсімде,
Күллі күрсіністердің ішінде,
Құснихат жазып құлазып отыр екенмін.
Құсаға күпті пішінде.
Түсімде,
Тілім қыршылып тісімде,
Түлен түрткі боп түркіден қалған
түгелім, өртеніп жатыр ішімде.
Түсімде,
Мейлі, сен түсін, түсінбе,
Тас-құдайларға табынып мына пенделер
Айналып жатыр мүсінге.
Түсімде,
Тас-қалалардың ішінде,
Бір уыс топырақ таба алмай жүрмін
сандалып,
Ауа да су да у да жоқ ұрттап ішуге.
Түсімде,
Санамның əмірі жүрмейтін əлем ішінде,
Зар-мұңымды айтып, зау көкке самғап
кетіппін
Тəңірім, жерге түсірме!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу