Өлеңдер ✍️

  24.05.2022
  80


Автор: Бақыт Беделханұлы

Ой қайыру

Былғанба ойым,
əрнеге айтақтама.
Боданыңа көнбеймін,
шайқақтама.
Жаны ашыған жандардай оданда, кел,
Жүрегімнің ағысын байқап қара!
Жүрегімде-қанымда дала көшіп,
Таулар жылжып барады самал есіп.
Көлдерім де көңілді толқытады
Тек арманның қалмасын алауы өшіп.
Теңіз болып толқимын, тебіренем,
Тереңінен маржан-жыр, теріп өлең.
Жел көтерген желігім басылғанда,
Жетім өкпем желпілдеп еміренем.
Табиғаттың өзіндей сырласыңмын,
Мұңға баттым, сілкініп, нұрға сіңдім.
Алып барам алдына мың ғасырдың,
Аманатын арқалап бір ғасырдың.
Əңгіме емес асқан мен тасқандағы,
Жұмыр жерде бұл ғұмыр басталғаны.
Ол да жұлдыз өйткені мен де жұлдыз,
Жұдырықтай жүрекпін аспандағы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу