Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  127


Автор: Ерлан Рымбек

Жыр жазудан жалықпаймын, қамықпаймын...

Жыр жазудан жалықпаймын, қамықпаймын,
Жырдың шамы жанса мен жарықтаймын.
Қанша ғұмыр сүрсем де бұл фәниде,
Жыр көгінде құс болып қалықтаймын.
Сол жырыммен өмір шыңын бірге астым,
Сол жырыммен мұңымды айтып сырластым.
Сол жырыммен отын жағып үміттің,
Сол жырыммен бірге тудым, құрдаспын.
Жыр деген – көк мұхиттың толқыны,
Жыр деген – осы өмірдің от күні.
Жыр деген – таусылмайтын қазына,
Жырсыз өнер бақшасының жоқтығы.
Мен қиналмай өлемін өлерімде,
Жырым медеу, басқаның керегі не?
Мұқағали даналы ағамыздай
Жазып кеттім анкетамды өлеңіме.
Мен түнде өлең жазам тұрам-жатып,
Шабытымды бойымда сылаңдатып.
Ақындарды шарапқұмар дейтіндер бар
Өздері сол шараптан құлап жатып




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу