Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  71


Автор: Мұрат Шаймаран

Күз келді

Күз келді, тағы да өтті өмір,
Көктемгі қызғалдақ жоқ көңіл.
Қып-қызыл қырмандар, ормандар,
Оранып жатқандай өртке өңір.
Жаз өтті, өтті ғой бір ұғым,
Сен неге мұңайдың, сұлуым.
Құлағың аулайды, аңсайды,
Айлы кеш шегіртке шырылын.
Күз келді, таулар да көз ілді,
Өзен де жасырды сезімді.
Сен маған жатырқай қарайсың,
Мүмкін мен жат болып сезілдім.
Қысқа өмір балтаның сабындай,
Тұманға құлады тағы да ай.
Жүремін қараша күндері,
Өзімді өзім де танымай.
«Пешке от жақ, көрпеңді жап маған!
Онсыз да жүрегім ақ боран».
Салсаңшы мұңды бір əніңе,
Оятып түндерді қап-қара.
Күз келді, өзің де білесің,
Ауылдың оттары тұр өшіп.
Əйнектен қарайды бір елес,
Кетсем бе ілесіп?!
Кəрі жел құшағын ақтарды,
Қайыңдар жылауға шақ қалды.
Кеудемнен аттанған жолаушы
Тұманға кірді де жоқ болды...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу