Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  105


Автор: Динара Мәлік

Cезімнің тербеп ерке елесі...

Cезімнің тербеп ерке елесі,
Ұмыта алмайтын шығарсың.
Пендеге ұқсап өкпелемеші,
Періштелерге сыңарсың.
Ойымда ылғи жүресің неге,
Тарқата алмас түн келіп.
Сен мені енді «сүйемін» деме,
Армандарыма гүл беріп.
Қалауым менің алыста ғана,
Тау жақтың өстім гүлі боп.
Ақиқат деген ғарышта ғана,
Өтірігім жүрер тірі боп.
Адасып жүрген талғамым екен,
Үміт боп жүрек тіл қатсын.
Мен сені неге таңдадым екен,
Қосылмауың үшін қымбатсың.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу