Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  81


Автор: Динара Мәлік

Бүгін де таң атты...

Бүгін де таң атты,
Бүгін де...
Жүрегім соғып тұр...
Күн шығып, тіршілік таратты,
Көктем кеп, көгіме қонып тұр.
Бүгін де сағыну,
Хат күтем, жәшікті тексеріп,
Күндерде болмайды жаңылу,
Бірдеңе дей салшы ескеріп.
Түндегі мұңдарым,
Оянып тіктейді еңсесін,
Сені әлі сүйеді бұл жаным,
Келем деп, сендіріп кеткесін.
Тағы да өзіммін,
Мен сені үндемей сағындым,
Аймалап тұратын көзіңнің,
Дәл мендей, жарқылын таныр кім?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу