Өлеңдер ✍️

  21.05.2022
  130


Автор: Динара Мәлік

Өлетініңнен қорыққан жоқпын бәрібір...

Өлетініңнен қорыққан жоқпын бәрібір,
Тағдырың басқа салған соң.
Жоқтайтындардың, жоқтағандардың әні бір,
Жүрегің тоқтап қалған соң.
Өмірге деген құштарлық еді үніңде,
Жүрсе де мейлі жылатып.
Ажалың ғана бақытты боп тұр бүгінде,
Құшағына алған құлатып.
Адамның басы, Алланың добы болмайды,
Алла да сүйер пендесін.
Көзіміз көріп көметініміз ғана қинайды,
Қара жер орын бергесін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу