Өлеңдер ✍️

  19.04.2022
  91


Автор: Рафаэль Ниязбек

Асқаровқа тағылған айыптар

Сұм жаласын жабам десе адамға,
Бұйым боп па қорқау қасқыр заманға.
Асқаровты сенсің деп те күйдірді
Өрім жасты бастап шыққан алаңға.
Көкірегің – жарық дүние әлемі,
Сиған қазақ бар елі.
Ұлтшылсың деп жаралады жүрегін
болмаса да дәлелі.
Жұттың деді биелерді түгімен,
Жұттың деді түйелерді жүгімен.
Бәйтерек боп жел өтінде тұрсаң да
Қопарылар кезің келді түбінен.
Кісі болғын ұлағатты, саналы,
Өмір – түрме,
жолбарыссың жаралы.
Кең даланың –
ел-жұртынан қол үзген
Сен де бейне тұзға айналған Аралы.
Тұлпар болып сен байландың кермеге,
Жарқыл қағып жол да тарттың көрмеге.
Ресей жері баққа оранбай, нұр атпай
Сен басқарған гүл жайнайды ел неге?!
Кісі үзілмей төріңнен,
Бірге жасап келе жатсың еліңмен.
Неге бізге түспеді, айтшы, шуағың
Сен – күн болсаң
көкжиектен көрінген.
 Байтақ дала,
құба белдер,
жазығың –
Ұмыттың ба екендігі азығым.
Орыс қоғам сетінесе егер де
Қазақ жұрты
Қағатұғын қазығым.
Қуат беріп асқар тауың, өрің де
Антей болып мығым өссең жеріңде.
Ойың озық болғаны үшін орыстан
Ала өгіздей өкіресің көріңде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу