Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  134


Автор: Исраил Сапарбай

Көзіңнен керемет бір сәуле көрдім

Көзiңнен керемет бiр сəуле көрдiм,
Сəуленi ұстаймын деп əурелендiм.
Салмағы сары алтындай сен тұрғанда,
Қайтемiн қаңылтырын саудагердiң?!
Сол сəуле сан құбылып көздi арбады,
Ақында айтылмаған сөз қалмады!
Қолына қона жаздап Ай тұрғанда,
Адамның бола ма екен өзге арманы?!
Қасыңда қасын керiп Ай тұрғанда
Ақынға алған беттен қайту бар ма?!
Ұқсайды талай сезiм шертiлгенге,
Ұқсайды талай сөзiм айтылғанға...
Сағымын кешкен жандай сар даланың,
Сабырсыз шартарапты қарманамын.
Сəуленiң сан сиқыры бар деушi едi,
Қалайша қара басып алданамын?..



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу