Өлеңдер ✍️

  21.08.2021
  95


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Еділ бойы

Ар жағында Еділдің бір терең сай, алқарай көк!
Сүйреткен жібек арқан телқоңыр тай.
Жеңеше-ай, осылай
Әнім өзгеше-ай!
Ағаштың бұтағына қонып алып, алқарай көк!
Сайрайды таң алдында бозша торғай.
Жеңеше-ай, осылай
Әнім өзгеше-ай.

Қайырмасы:
Алқар-ай көк жаз жайлап,
Салы орамал бір байлап.
Сағынып сәулем келгенде,
Қайда кеттің а-ай, той-тойлап.
Ар жағында Еділдің бір асқар бел, алқарай көк!

Сырын ашқан көңілдің көк самал жел.
Жеңеше-ай, осылай,
Осылай әнім өзгеше-ай!
Ырыс айдай көңілің менде болса, алқарай көк!
Аузыңды ашып, қалқатай, тіліңді бер.
Жеңеше-ай, осылай
Әнім өзгеше-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу