Өлеңдер ✍️

  20.08.2021
  128


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Әдемі әуен (әдемі напев)

А-хау-ей!
Қыз қайда қызыл шырай иіс майлы,
Қиғаш қас, қарақат көз, алма мойын, ай.
А-хау-ей!

Бір айтқан сәлемімді есіне алып,
Жіберсе сабырменен ақыл-ойын, ай.
Ха-лә-лә-ку, ха-лә-лә-ку, ли-ли-ләй,
Жіберсе сабырменен ақыл-ойын, ай.

А-хау-ей!
Қыз қайда айтқан сөзді алатұғын,
Қырандай көзді алысқа салатұғын, ай.
А-хау-ей!

Айтқан серт, уәдеге берік болып,
Бұлтармай бір сөзінде қалатұғын, ай.
Ха-лә-лә-ку, ха-лә-лә-ку, ли-ли-ләй,
Бұлтармай бір сөзінде қалатұғын, ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу