Өлеңдер ✍️

  18.08.2021
  179


Автор: Қазақ халық ауыз әдебиеті

Ақ саусақ, қыпша бел /1-нұсқа/

Қолыңдағы сақина қалайы ма,
Жаман жүрмес жақсының маңайына.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Сөзіңе сөз орнымен келгеніңде,
Сөйлеместен өзіңе қалайын ба?

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Тобылғының түбінде ін бар ма екен,
Сүйген жардың мойнында мін бар ма екен?

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Сағыныштан мен бүгін әнге салдым,
Ақ сәулені көретін күн бар ма екен?

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Әуел айлап тағы да әуел айлап,
Аттырмайды ақ бөкен одағайлап.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.

Мына жерде бас қостық осы бүгін,
Бес-алты ауыз өлең айт күліп, ойнап.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу