Өлеңдер ✍️

  22.07.2021
  149


Автор: Сәкен Иманасов

Бәрі жалған

Бәрі де жалған бүгін,
жалған бәрі,
баспайтын өтірікке жан қалмады.
Болмаса үлкенде — ұят
кішіде — ізет,
көгерте қойсын кімді қалғандары.
Баққаны бақ-дәреже, аңдығаны,
үйреніп өтірікке алды бәрі,
жоқ шығар амалы да, кімнің ғана
бұл күнде жалған айтпай-жанды бағы.
Қарашы аттыға да,
түйеліге,
өтірік сіңіп алған сүйегіне,
Әп-сәтте ақтың өңін айналдырар,
аямай жаға салып күйені де.
Бұл күнде бәрі жалған айналаның,—
бұрынғы тұғырынан тайған арың.
Шырылдап,
шындыққа да шыр бітпей жүр,—
құрғақ сөз,
құр уәде,
тайғанақ үн!
Баланы отырғандай алдандырып,
тұрғаны төңірегің жалған күліп.
Көмейін жабар едім ойдың,
бірақ
не дейін жүрегіме салған бүлік?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу