Өлеңдер ✍️

  14.07.2021
  457


Автор: Ыбырайым Құлбайұлы

Келімберді, құдайке

Енді айталық біз парқын
Сегіз арыс Адайдан,
Сөз тыңдасаң, кел жақын.
Сегіз арыс Адайдың
Бірі – самал, бірі – салқын,
Бірі – жаңбыр, бірі – қарқын;
Бірі – мырза, бірі – ер,
Бірі – арыстан, бірі – шер;
Бірі – биік, бірі – өр,
Бірі – мақпал, бірі – зер;
Халифа руында болмаса,
Жаһанға келмес бұндай ел.
Артық еді заттары,
Ораулы ши мен ақ үзік –
Ақ ордаға жапқаны.
Кілем, басқұр, жібек бау –
Ақ киізге таққаны.
Пақыр, мүскін кез келсе,
Қайырып, қолын қақпады.
Сақилығы өлшеусіз,
Мейманға әзір тапқаны.
Сырлы табақ, зереңмен
Қонаққа тағам тартқаны.
Дастарханы жібектен,
Құйылып тұр шүмектен
Қызыл шәй мен қанттары.
Есіттік біз қарттардан
«Құдайкенің баласы – Тәзіке мен Қосай» деп.
«Тәзікенің баласы – Өтей менен Сәркей» деп.
Тәзікенің ішіндеШағырай мен Жолмәмбет
Алқада талай күресіп,
Жауырыны жерге тимеген.
Хиуалыны тоқтатты
Жұмағали, Белгербек.
Хиуалының хан, төре
Келмеді оған дөңгелеп.
Дерек таппай өзіне,
Қалғандай суды шеңгелдеп.
Бір жігітке дәреже
Бұдан артық не керек?!
Тәзіке мен Қосайдың
Жүз кісіге бірі дерек.
Қосайдың алты баласы –
Сүйіндік пен Бәли-ді,
Әйтей менен Бегей-ді,
Байбол менен Тіней-ді,
Жүйріктері Қосайдың
Шапқан сайын үдейді.
Бақ-дәулеті Қосайдың
Күннен-күнге көбейді.
Алты арыс мынау Қосайдан
Нешелер асыл жан шықты.
«Кемдігі бар» деп айтпайды
Сүйіндіктің ішінде
Бегалының Қарпықты.
Ұлы жүздің Қазық би,
Сөз таба алмай, малтықты.
Мүңгіштей мырза, паң шықты,
Аманияз, Тілені,
Осылардай зор шықты.
Шыршығұлдың Нұрымнан
Сайраған қызыл тіл шықты,
Аузын ашса жыр шықты.
Нұрымменен қастасқан
Тілеп алар өзіне
Ем қонбайтын қырсықты.
Бәлиде бар Қашаған,
Құдай артық жасаған.
Бәлидегі Өсербай –
Жақсының бірі қашаннан.
Мықты адам болған жоқ
Бөже менен Басардан.
Өришан менен Сәулені
Кем демейді қатардан.
Әйтей менен Бегейдің
Тұқымы аз болса да,
Асылзада жасалған.
Азамат ерлер көп шықты,
Жау көрінсе, жасанған.
Сөзге оралдық Нұрымнан,
Сұңқардай ұшқан тұғырдан.
Қырмызы киіп, қырынған,
Сөйлеген Қытай, Қырымнан.
Жырменен ашты тойғызған,
Шөлдегенді қандырған,
Ішкендей ащы қымыздан.
Көп айтқыштар жиналып,
Сынатқанда Абылға,
Барынан артық шығылған.
Есенбай менен Нұрнияз –
Ұлама ишан, піріміз
Сабақ алып солардан,
Тәліп болды тіріміз.
Заманында солардың
Тыныштық дәурен күніміз.
Қайғысынан солардың
Сарғайды білем жүзіміз.
Байболдан айтсақ Тіней мен,
Сөз бұтақтап, көбейген.
Байбол менен Тінейдің
Дәрежесі артық көп елден.
Ойлап көрсек алыстан,
Артық адам болған жоқ
Қадырбек, Әбіл шешеннен.
Шешен, жүйрік сөйлейтін
Мәжіліс болса құралған,
Жауапқа әзір сұралған.
Ай мүйізді қошқардай
Соғысқанын шығарған.
Қарақұлақ жолбарыс,
Қуғанын алған құбарлан.
Байлығы асқан адам жоқ
Қалнияз бенен Жұбаннан.
Бізге қалай тоқтасын
Солардан дүние тұл қалған?!
Байболға сөзді арналы,
Сөзді сөзге жалғалы,
Қалмасын сөздің арманы,
Алты арыс Қосай болғалы,
Байбол еді салмағы.
Жігіттері Байболдың –
Самарқанттың сандалы,
Алмастың кескір жалманы.
Шаһарлы жерде болмаса,
Байболдан артық жоқ еді,
Ұлама, ишан, молдалы.
Алты арыс Қосай болғалы,
Байбол еді сауыры,
Берекетті ауылы.
Шариғатқа барабар
Қарттардың қылған қауылы.
Бие байлап тепсеңге,
Боталы түйе – сауыны.
Төрт арыс мынау Байболдың
Бірі – бақша, бірі – гүл-гүл,
Бірі – тұлпар, бірі – дүлдүл.
Ғафур Рахман, ғафу ет,
Қателік етсе қызыл тіл.
Қадірде бар Қалдыбай,
Ақылы қайнар бұлақтай.
Кескірлігі қылыштай
Суырып алған қынаптан,
Айтқаны кетпейді құлақтан.
Тоқмамбет, Дауыл, Мұратқа
«Төреңе құлдық» дейді екен
Даушылар ісін сынатқан.
Қалнияз жырау Шалбардың
Айтқан сөзі жылатқан.
Ерлігі де бар екен,
Дұшпанға қарсы оқ атқан.
Балуандығы тағы бар,
Алысқан алыбын сұлатқан.
Кеміне айып етпеңіз,
Ұмытқаным көп екен
Нешелер асыл шырақтан.
Енді келді Есенбет,
Есенбетте жігіт көп
Халық үшін еткен көп еңбек.
Есімбетте Қашқынды
Айтпайды екен «төмен» деп.
Мақтайды екен ауылы
«Сөйлеген сөзі шекер» деп.
Құлдық тағат етіпті,
«Дүние шіркін өтер» деп.
Есенғұлда бес ұл-ды –
Өрезек, Есек, Еміл, Нұрбай, Қоңыр-ды.
Бес баланың ішінде
Есек, Нұрбай – басы еді,
Дұшпанменен қас еді.
«Еділ, Жайық – екі су,
Ен Шағандай Қобылды
Жаудан тартып алды» деседі.
Ырыскелді, Кенжалы –
Қара сөздің шешені.
Бегжан төре, Нұрбайдың
Тілі жұмсақ, сөзі майда.
Алтынбек хан, Киікбай
Ажары күн мен тең айға.
Жұбантыр мен Тілеудің
Ақылы – жарық шарайна.
Аманша менен Санақай,
Енді олардай ер қайда?!
Құрағы өсіп, гүлденген
Көк арайлы гүл қайда?!
Мақпалдай шөбі түрленген,
Көделі құмайт жер қайда?!
Жердің сәнін келтірген
Толықсыған ел қайда?!
Келімбердіден сөзді бастап,
Қолдан келсе асырып,
Артық қадам баспалы.
Асып айтпай, мақтамай,
Жобаменен шақталы.
Келімберді – елдің ағасы,
Артық еді бағасы.
Мал -дәулеті тасқындап,
Қабыл болған тобасы.
Құнанорыс, Ақпан, Жеменей,
Балықшы, Мұңал, Тобыш –
Алтау екен баласы.
Қарақалпақ Өтембеттің қызы екен
Осы алтауының анасы.
Қазаны Келімбердінің – дариядай,
Жабылар күндіз-түні айналасы.
Ораза, намаздарын қаза қылмай,
Теп-тегіс құлдық еткен кәрі-жасы.
Келімбердінің алты ұлы:
Бірі – Амурдың тасқыны,
Бірі – арқардың қошқары;
Бірі – Сырдың ақ талы,
Бірі – шаршының мақпалы;
Бірі – нардың оқпаны,
Бірі – тілдің тақтағы.
Бірдей біткен бәрін
Ажарлының аппағы.
Құнанорыс еді үлкені,
Жиғаны – қымбат мүлкі еді.
Еткені – сауық, күлкі еді.
Жантуған, Жанбай – екі ұлы,
Балалары ерке еді.
Қақ ортаға жайғасқан
Бұлар да – елге көркі еді.
Тайсалмастай жүрегі,
Елге қорған, берік еді.
Ұзын су мен кең қоныс,
Мекен еткен өлкені.
Ақ үй тігіп тепсеңге,
Ішік киді қамқамен,
Қайырма сырттық желкелі.
Қазанат бедеу мінгені,
Алма мойын бөрте еді.
Жантуғаннан – Жортыс,
Жанбайдан – Сүйіндік, Қошқар, Айдабол,
Немересі төрт еді.
Ерегессе төрт баласы,
Дұшпанын отқа өртеді.
Айдаһардай айбатты,
Мысалына қарасаң,
Қой бастаған серке еді.
Жанбай менен Жантуған,
Асылзада зор туған,
Қорықпайтын ер туған.
Әруақты ерлер осылар –
«Жау бар» десе, бел буған.
Көркем жігіт осылар –
Құба нардай бір туған.
Мырза жігіт осылар –
Кем емес еді көл судан.
Алла салып назарын,
Олардан талай ұл туған.
Құнанорыстан ұл туса,
Дұшпанға қиын күн туған.
Құнанорыстың ішінен
Балуан шықты Лабақтай.
Нәрембайдай би шықты,
Тілі тәтті набаттай.
Мырза шықты Ерпандай,
Үйіне келген мейманға
Толы тартқан табақты-ай.
Ер де шықты Шабайдай,
Алғыр, бүркіт қабақты-ай.
Есен, Сүгір, Шабайың
Тоқтаусыз жауға оқ атты-ай.
Қызғанғандар жарылсын,
Әлке ханды базарда
Бердәулет атып қалыпты,
Дұшпанның белін сындырып,
Осылай қылды қайратты-ай.
Қошқардың ұлы Жүнді еді,
Тіккен үйі өңді еді.
Ару қатын – алғаны,
Аққу құстай көлдегі.
Қыз-келіннің кигені –
Табылмастай елдегі.
Жүнді Жүнді болғалы,
Шетіне дұшпан келмеді.
Қазыналы дүние көп,
Жинаған алтын теңгені.
Сары ала жасау болмаса,
Мал білмеген өзгені.
Талай ерлер бар еді,
Жазылмаған жаудан шеңгелі.
Би жігіттер бар еді,
Сайраған қызыл тілдері.
Қайсыбірін айтайын,
Дәрібай, Жиенбай, Сәрсембай,
Алдарбай менен Бегештің
Тынысы көптен ілгері,
Қалмұраттың Бағдәулет
Асылдардың бірі еді!
Баласы Айдаболдың Қайыпназар,
Бітіпті айдан артық оған ажар.
Назардың ордасына келген мейман
Жабылған айдын көлге малдай қонар.
Сыртынан неше күндіз ат кетпейді,
Ауылы – күнде жиын, күнде базар,
Жігіттер, ақылменен ой ойласаң,
Бітпейді әр жігітке мұндай қажар.
Сүйіндіктің баласы –
Қожамжар, Садық, Қаспақбай.
Жинады құрал аспапты-ай,
Жауға шықты қас қақпай.
Бұлар тұра келгенде,
Жау да қадам баспапты-ай.
Талай жерде осылар
Он мың сан қолды бастапты-ай.
Қылыш ұстап, ат мініп,
Жасыл туды ұстапты-ай.
Одан артық не қылсын,
Тәмам етті өмірін,
Арлы жерден бас тартпай.
Баянсыз фәни дүние
Бұларға кетті ұстатпай.
«Жау бар» десе, ышқынған,
Дұшпанды жерге тықсырған.
Айдаһардай ысқырған,
Беліне қылыш қыстырған,
Қырдағы елге аттанған.
Әлін білмей, мақтанған
Көп дұшпанды қайырды.
Аманжол қолды бастаған,
Дұшпандарды қашырған.
Қызыл тілі тәтті еді,
Достарыменен сөйлессе,
Қам-қайғыны ұмыттырған.
Осы секілді жақсылар
Дүниеде бар ма көп тұрған?!
Қожамжардан бала бес еді:
Әлдеке, Қатпа, Кенжебай,
Жиенқұл менен Мес еді,
«Бес Қожамжар болғалы,
Құнанорыстың салмағы
Өскен ауылы» деседі.
Қожамжардың ерлері
Бітпеген жаумен өш еді.
Қожамжардың билері
Сөйлесе, желдей еседі.
Қожамжардың мырзалар
Үйіне келген мейманға
Қырмызы қамқа төседі.
Аңдамастың Елжаны,
Онда да білім дәселі.
Атақтының бірі еді,
Қатарынан ірі еді
Сырым палуан кешегі.
Сөзге келдік Жортыстан,
Қайтпай кеткен тартыстан.
«Жау бар» десе, жасанып,
Атқа мінген тұс-тұстан.
Қайдауыл, Өтеп, Жетіқара, Шортан –
Төрт баласы Жортыстың
Болады деуге арыстан.
Қорықпаған өлімнен,
Дұшпанменен салысқан,
Дабырығы жетті алыстан,
Қырым, Қытай, Түркістан.
Аузы сондай бір ел болды,
Мал-дәулеті мол болды.
Аш-арықтар тоюға
Айдын шалқар көл болды.
Бір ауылдың жігіті
Жер қайысқан әскер көп болды.
Білгендерің, айтыңыз,
Жортыстан артық кім болды?!
Сөз айтайын Ақпаннан,
Сырдың құба ақ талдан.
Ақпан деген ауылым,
Аумайтын басқа бақ қонған.
Қарсыластары Ақпанның
Табанға түсіп, тапталған.
Неше түрлі халыққа
Ерлігі артық мақталған.
Өмірі тәмам болғанша,
Жері жоқ жаудан тоқталған.
Шуақбай, Таңатар, Пәтен, Жылос –
Төрт арыс Ақпан болғалы,
Ешкім жоқ бұған дақ салған.
Төрт арыс мынау Ақпаннан
Шеберлер де көп шықты,
Үлгі алған ұстаздан.
Бай жігіттер көп шықты,
Ақтылы қойды айдаған.
Мырзалар да көп шықты,
Қазаны толы қайнаған.
Би жігіттер көп шықты,
Алқаға шығып, сайраған.
Ер жігіттер көп шықты
Алмас қылыш қайраған.
Алдияр ишан –
АқпанныңТабаны жолдан таймаған.
Ақ кәләмді аударған
Бұдан артық қайда адам?!
Алдияр ишан кешегі
Қайратты ердің бірі еді.
Көкіректе құрсаулы
Мұсылман діннің кемері.
Мешіт, кітап, мейманжай,
Табылып тұр керегі.
Өмірі тәмам болғанша,
Пақырларды демеді.
Пайдаланған барша ел,
Қайыры аса көп еді.
Білгендерің, айтыңыз,
Алдиярдай хазірет
Кімде-кімнің теңі еді?!
Шежірені байқаймын,
Айтқан сөзім – анық-ты.
Хабарына Ақпанның
Отырған халық қанықты.
Құлақ салып тыңдаңыз,
Кезекте тұр Балықшы.
Бұл Балықшы уақытында
Билеген екен халықты.
Ақсақалдар көп шығып,
Тентекті жолға салыпты.
Дастарханды кең жайып,
Аш-арық келсе, қаныпты.
Айтқан сөзі арнаулы,
Құс етіндей дәріпті.
Жау келтірмей ортаға,
Елдің жауы налыпты.
Жүреріне жол қоймай,
Дұшпанын естен жаңылтты.
Жүйрік, Қостай, Есберді –
Үш баласы болыпты,
Теңдікке қолын жеткізген
Пақыр, мүскін, ғаріпті.
Жігіттері сәнденіп,
Атқа сайман салыпты.
Ақ орданы кең тігіп,
Ішіне паныс жағыпты.
Қыдыр көрген байлары
Уызынан жарыпты.
Тілге шешен билері
Сөйлесе, судай ағыпты.
Білгендерің, айтыңыз,
Кіші Жүздің бір ауыл
Бұдан артық неғыпты?!
Сөзге келсек Жүйріктен,
Қызы сұлу сүйріктен.
Жігіттері жауынгер,
Қыран құстай шүйліккен.
Ер жігіттер көп шықты,
Дұшпанға нардай киліккен.
Мырза жігіт көп шықты,
Үйіне келген мейманға
Ат мінгізген сыйлықпен.
Елшібек батыр кешегі
Қуанбайды ықтырды
Ерлік пенен биліктен.
Жасанған жауға қол салған,
Қамалды бұзып жол салған;
Оза шауып, олжа алған,
Қайратты ауыл озалдан.
Сегіз арыс Адайда
Ерлігі асқан адам жоқ
Бабай, Қармыс, Қожаннан.
Жақсылар шықты осы елден,
Жол бастайтын көсем мен.
Шарапатты жақсы көп,
Панасына келгендер
Жазылғандай кеселден.
Кербез жігіт тағы көп,
Қырмызы қытай төсенген.
Тәрбиет пенен сәні артық
Қатар өскен неше елден.
Палуалшадай биі бар,
Сөйлесе, тілді шешеннен.
Төрт аяғы тең жорға,
Жүрген сайын төселген.
Дәулеті асқан адам жоқ
Алмәнбет пенен Тәселден.
Жүйрік Жүйрік болғалы,
Перзент сүйіп, мал бітіп,
Сарыарқаға қонғалы,
Жеріне жетпей, кешігіп
Қалған ісі болмады.
Жүйрік, Қостай, Есберді,
Жас күнінен бері қарай
Ақыл-нақыл ескерді.
Өзі біліп тұрса да,
Айтқан сөзді хош көрді.
Арасы алыс жаманнан
Жақсыларды дос көрді.
Мырзалары көп еді,
Қонаққа шай мен ас берді.
Есбердіні айтқанда,
Жақсыларға көзден жас келді.
Есбердінің баласы –
Естібай еді Жұмат пен.
Бұл ауылдың ішінде
Жақсы адамдар көп еді.
Қайырлы байлар көп шықты,
Аш-арықтар күнелткен.
Мырзалары көп еді,
Құрметтеп қонақ жөнелткен.
Берекетті адам көп шықты,
Азын көпке теңелткен.
Естібайдың баласы–
Майатап пенен Айтуар.
Айтуардан ұл туса,
Сансыз малға бай туар.
Айтуардың ішінде
Нешелер кербез қайқы бар.
Айтуардың сегіз ұл,
Қабырғалы халқы бар.
Айтуардың ішінде
Тай палуан мен Жылқышы –
Ерлер еді даңқы бар.
Қыз-жігіттің ажары
Туған күндей жарқырар.
Сегіз арыс Айтуар,
Айта берсем тастамай,
Неше түрлі жайты бар.
Есбердінің билері
Сөйлесе, көңілі ашылар.
Есбердінің ерлері
Алыс жолға нар шыдар.
Есбердінің ордасы –
Мейманға төсек, жай шығар.
Білгендерің, айтыңшы,
Айтуардың ішінде
Тай палуан мен Жылқышы,
Осылардан артық кім шығар?!
Айтайын деп біз келдік
Қостай деген ауылға.
Балықшының үш арыс
Артық өскен сауырға.
Қостай деген ел де бар,
Мекен еткен Қостайдың
Көделі, құмайт жер де бар.
Тұрым, Ишан, Нұржаудай
Кереметті пір де бар.
Кенесары, Исандай
Ақылы асқан зор да бар.
Мырзалары Қостайдың
Келіп тұрған қонағы
Он-он бестен күнде бар.
Қожамжар, Қожағұл, Мәмбет, Жұмат,
Бұлардан асқан кімде бар?!
Қожамжардың баласы –
Көрпежан менен Қалдаман,
Бұларда толық ірге бар.
Аса біткен бұларға
Мал менен бас бірге бар,
Мінбеген басқа жүйріктен.
Қожағұлдың ішінде
Артық жігіт өткен жоқ
Рақ пенен Киіктен.
Қырым, Керей, Исанның
Мәртебесі биіктен.
Қалдаманның ішінде
Балуанияз қасиетті ер,
Қолы жомарт мырза еді,
Ақыл, білім тең біткен.
Бұлардан артық жоқ еді
Жасаған елде қырдағы.
Балуанияз уақытында
Халықтың болды сардары.
Дұшпанын талай мұқатты,
Дүниеде қалмай арманы.
Маңғыстаудан ел шапқан
Үш жүз кісі дұшпанға
Алпыс кісі Адайдың
Анық еді барғаны.
Ұмытылмастай бір болды
Балуанияздың күші сондағы.
Маңғыстаудан ел шапқан,
Жесір мен малды көп тапқан,
Жасауды жүктеп нарға артқан.
Алды малға толысып,
Айтқандары болысып,
Хиуаға қарай жөн тартқан
Үш жүз кісі жауменен
Алпыс кісі соғысты.
Өңкей асыл бекзаттар,
Ауыр қолмен соғысты
Адайдың алпыс қыраны.
Ел ішінен іріктелген,
Атақты ерлер сырағы
Қияметтей көрінді
Жауға салған лаңы.
Жесірдің даусын есітіп,
Балуанияз жылады.
Жауға жақын келгенде,
Болмады шыдап тұрары.
Соғыспаса жауменен,
Тарқамас еді құмары.
Балуанияз атқа мінгесін,
Алпыс ер қайтпай жүргесін;
Тарқады жаудың құралы,
Тастамай жауды қырады.
Аз кісі көппен ұрысып,
Қайраттарын сынады.
Балуанияздың күшімен,
Найзасының ұшымен
Айнамәмбет, Меңді, Ораз,
Бөріхан аттан құлады.
Жаралы болған жаулары
Сай-салаға бұғады.
Қабыл болды сол күнде
Алаштап салған ұраны.
Жесірді жаудан айырып,
Көңілдері тынады.
Балуанияз, Қорғанбай,
Сол соғыста жан беріп,
Ақыреттік болды мұрады.
Жұмат пенен Мәмбеттен
Енді айтуға сөз жеткен.
Аса біткен дәулетің,
Қайыры артық мырза өткен,
Мейман келсе, ырза еткен.
Қыз-келіншек керме қас,
Киімдерін зерлеткен.
Тұрыш пенен Нұржандай
Кереметті пір де өткен.
Тұрыш ишан хазірет,
Үргенішке белгілі
Зәкіржан пірге қол жеткен.
Жеті зікір тәмамдап,
Шариғат жолын үйреткен.
Рұқсат алып пірінен,
Мешіт салып, жай тұрып,
Шәкірттерді дүреткен.
Қызмет етіп дін үшін,
Құлшылықпен күні өткен.
Иншалла, бағыты
Түзу шығар ұжмаққа –
Қабыл болса шайхының
Құлшылығы мұнда еткен.
Өмірі тәмам болғанша,
Аумастан кетті бір беттен
Артындағы еліне
Зікір тасбиқ үлгі еткен.
Білгендерің, айтыңыз,
Тұрекеңдей шайхының
Қатарына кім жеткен?!
Төрт арыс Қостай болғалы,
Кейін қалған жері жоқ
Неше түрлі реттен.
Рұқсат болса, жақсылар,
Жеменейден сөйлелі.
Оның да көңілін делбелі,
Таба алсақ сөзді өңделі.
«Нағашым» деп айтпаймын,
Құлағыма тимеді
Осы елдің де кем жері.
Тұқымын айтсақ ананың,
Жазылар іштің шерлері.
Құрайышта болмаса,
Жеменейдің жоқ еді
Ол заманда деңгелі.
Бақыты асып күнінде,
Көлдей болды көлемі.
Төсегені үйінде –
Атлас кілем термелі.
Артық еді көп елден
Ақ сандық пенен теңдері.
Мінгені – бедеу жүйрік-ті,
Ақ киіктей дөңдегі.
Құйылып тұрды барғанға
Піспекті саба төрдегі.
Деңмент белбеу буынып,
Белге қылыш ілгені.
Ару қатын – алғаны,
Туған күндей өңдері.
Шылым, Жомарт – екі ұлы,
Тең келмейді бұларға
Ақ сүйекті беглері.
Сақилығы Жомарттың
Тең еді дария тасқынға.
Білімі де көп екен,
Бергендей ақыл сасқанға.
Есім хан төре бас болып,
Әлсейіт ханды өлтіріп,
Дүниесін шапқанда,
Көп олжаға батқанда,
Әлсейіттің үш асыл
Сауға түсті Жомартқа.
Осыдан артық бақ бар ма?!
Талай жерден естідім,
Шылым менен Жомартты
Мақтайды екен қарттар да.
Үш асылды айтсақ біз:
Ақ сауыт пенен бесатар
Ақсұқсыр деген сұлу қыз.
Сұлулығы өлшеусіз,
Жазық маңдай, қызыл жүз.
Қарттардың айтқан сөзімен
Осылай деп біз жүрміз.
Ақшакедей Жомарттан,
Дұшпанға қарсы оқ атқан.
Жақсы адамдар көп болды,
Көптің аузын қаратқан.
Еткен ісін олардың
Дос-дұшпаны жаратқан.
Бәйбішеден туған Сейіт-ті,
Сол Сейттің ішінде
Артық адам жоқ еді
Қожамсүгір-Шолақтан.
Ақсұқсырдан – Қожағұл
Асылдарға қол артқан.
Сұлтанкелді – тоқалдан,
Шешесі тоқал болса да,
Асып туды қатардан.
Сұлтанкелдінің төрт ұлы
Асылзада жасалған.
Қуатты адам болған жоқ
Сұлтаналы, Қожамбет,
Бақтыбай менен Шақаннан.
Бегімбеттің ішінде
Қодас пенен Асаннан,
Көңілді жігіт аз еді
Қосуақ пенен Қосаннан.
Айтқыш жігіт аз еді
Қарашада Досымнан.
Қаракісімен айтысып,
Жүгініске барғанда,
Сынабайдың сөзі қосталған.
Төрт арыс Сұлтанкелдіден
Табылмады осал жан.
Қыз-келіні ажарлы,
Қымбат киім жасанған.
Бәрі мырза қайырлы,
Адам жоқ сараң атанған.
Қаракісі Бегімбет
Білімді еді қашаннан,
Аумай шапқан қамалдан.
Артық адам жоқ еді,
Төрт Бегімбет болғалы,
Алтай менен Сағалдан.
Құрманбай мен Қараша,
Тұқымы аз болса да,
Келеді көппен таласа.
Кемсінеді кім оны,
Азын көпке баласа?!
Ізбасар менен Бектемір,
Сөз сөйлеген дерекпен.
Ұшан-теңіз ақылы,
Пайдамен халық күнелткен.
Қатар жүрген халықта
Зиян көрген адам жоқ
Жақсылық пенен Көбектен.
Қосжан молда, Нарымбай
Мешіт салды уақытында
Ағаш пенен шөлмектен,
Алдырып шебер көп елден,
Сөз сөйлесті әдеппен.
Намаз оқып бес уақыт,
Нәрсесі жоқ қаза еткен.
Жігіттері Қалшаның
Шаруа еді мал баққан.
Асыл бұйым – жинағы,
Мінгендері – жорға аттан.
«Көшім сәнді болсын» деп,
Көшсе, жүгін нарға артқан.
Бай жігіттер көп еді,
Бағы аспанмен таласқан.
Сол Қалшаның ішінде
Артық адам жоқ еді
Биет пенен Құлеттен.
Дос-жарларын сүйенткен,
Ашуы да жоқ еді,
Мысалы, қайыс илеткен.
Алыс тастап алқаны,
Өмірі өтіп билікпен;
Қызыл тілі сайрайды,
Ағытса сөзді тиектен.
Жеменейдің екі ұлы –
Жомарт пенен Шылым-ды.
Жас күнінен сол Шылым
Қасиеті жұртқа білінді,
Абыройы соншалық,
Халық аузына ілінді.
Хан, төреге сіңімді,
Жігіт еді жасынан,
Мінез-құлқы тынымды.
Тұқымында Шылымның
Жігіті көп білімді.
Қыздары сұлу қаракөз,
Талдап өрген бұрымды.
Ақбоз орда үй тікті,
Тепсеңге байлап құлынды.
Бәйбішенің құйғаны –
Ақ шұбат пен қымыз-ды.
Беттерінің ажары –
Аққа жаққан қызыл-ды.
Артық кетпей аспалап,
Сөз айтайын жағалап.
Білмегенім мұнан көп,
Білгенімді нақпа-нақ.
Естігенімді сөз қылдым,
Мақсатым емес мақтамақ.
Тоғыз арыс Шылымды
Енді айтайын тақпалап.
Сөз айтайын төтелеп,
Сөзге сөзді еселеп.
Тоқтатпаса бір білгір,
Қатесін тауып, кеселеп.
Бәйбіше, тоқал – екі әйел,
Алған жары Шылымның
Турасын айтсақ жекелеп.
Ағасы Жомарт өлгесін,
Алдасай рұқсат бергесін,
Ақсұқсырдай жеңгесін
Үстіне алды некелеп.
Алдасайға өкпелеп,
Кете алмады Ақсұқсыр.
«Үйренген жері әркімнің –
Ойлағандай Мекке» деп.
Үш әйелден Шылымның
Тоғыз екен баласы,
Сұрасаңыз «неше?» деп.
Естіп едім қарттардан,
«Бәйбішенің баласы –
Баба менен Рақан,Түгел менен Теке» деп.
Бәйбішелік төрт ұлдан
Мін таппады сынаған,
Тұңғышы асыл, сірәдан.
Бәйбішенің билері
Халықтың басын құраған.
Айтқыш еді белгілі
Теміртай менен Жоламан.
Даулы жерде сайраған
Белгілі би Құламан.
Сол Құламан өлгенде,
Қиналып, халқы жылаған.
Қозым, Қосақ – тоқалдан
Туған бала екі еді.
Халық ішінде бүгінде
«Қаратоқа» деседі.
Сән, тәрбиет жасады,
Дұшпанын талай матады,
Дұшпанға мағлұм атағы.
Кемсінген жоқ ешбір ел
Төрт арыс Қаратоқаны.
Қаратоқа, Есбембет,
Би еді асқан жоталы.
Ақсұқсырдың айтсақ ұрпағын,
Ақбота, Көшке, Өрдектен.
Тұқымынан бұлардың
Ерлер шықты айбатпен,
Балуандар шықты қайратпен;
Байлар шықты дәулетпен,
Көркемдер шықты сәулетпен.
Адайға жақсы келген жоқ
Ақботаның ішінде
Байжауын мен Балкөттен.
Өзі молда, өзі ишан
Ерсарыдай шайхы өткен.
Білімі асқан адам жоқ
Көшкедегі Досмәмбет пен Нәубеттен.
Сырым би де тоқтады
Досмәмбеттей айтқырдан.
Атақты ердің бірі еді
Хан-сұлтандай сайыпқыран,
Күнде жиын, күнде той,
Жүрген жері – той-думан.
Қазаққа жақсы келген жоқ
Хазірет, ишан Айтқұлдан.
Үш ұлдың бірі – Өрдек-ті,
Ақ үй тіккен көрнекті.
Бақ-дәулеті өрлепті,
Буынғаны – беліне
Алтын-күміс, деңмент-ті.
Алма мойын ат мініп,
Ақбас ерді ерлепті.
Есен, Кенже, Олжашы,
Бөкен, Мамыр – бес ұлы,
Көңілдері сергек-ті.
Алыптар шықты Бөкеннен,
Көрген жоқ қорлық бөтеннен.
Қаралда менен Мыңкісі
Бәйге алған шет елден.
Бисембай менен Икембай,
Алысқан алыбын көтерген.
Би көп шықты Есеннен,
Сейтімбет пен Өтебай
Олар да емес бекерден.
Тоғыз жаста алдынан
Жүгініп, адам тарқалды
Сейіт бидей шешеннен.
Бастаушының бірі еді,
Ел қозғалып көшкенде
Түркістандай мекеннен.
Қасиетті адам болған жоқ
Сол Сейіттің тұқымы –
Байдан менен Көсемнен.
Немересі Сынабай,
Сөзі тәтті шекерден.
Қаражан мен Есмембет,
Төрт тұяғы тең еді,
Жорғасын бұзбай төселген.
Сейіт – алғыр қырандай,
Қайыспас қара бұландай.
Қарсыласқан дұшпанға
Ашылмайтын тұмандай.
Жүйрігі елдің тұмарлы-ай,
Сөз сөйлеуге құмарлы-ай,
Сөз бастаған құралда-ай.
Бәйге алған бедеудей
Шабылып, талай сыналды-ай.
Немересі Сынабай
Сырыңды білген сұрамай,
Айтқаны көпке ұнады-ай.
Атақты би сынаушы,
Палталы молла түркіменнің
Сынабайға ат қойған:
«Сынабай емес, Сылаумай».
Бес ұлдың бірі – Олжашы,
Ханменен қатар ордасы.
Ұрыс-майданға барғанда,
Көп кісіге тең болды
Құлыбектің бір басы.
Әйелін ала барғанда,
Шатырда жатып ат сойды
Арыс деген мырзасы.
Сегізбайдың адамға
Өлшеу емес тұлғасы.
Сегізбайдан келеді
Төрт аяғын тең басқан
Айдарбай, Қорек жорғасы.
Тыныбектің Қойшыман
Мойыны күшті құлжасы.
Көрек пенен Дүзікең –
Жақсылардың сырласы.
Өтегеннің жеті ұлы –
Өткілсіз терең арнасы.
Жауға ататын саржасы.
Олжашы деген ауылдың
Қатар өсті мал-басы.
Салтанатқа келгенде,
Ешкімнің жоқ таласы.
Киген киім, мінген ат,
Ақша жетпес шамасы.
Қыз-жігіттің үстінде
Алтын, зер, құндыз, қамасы.
«Өтірік сөз» демеңіз,
Шежіренің осы расы.
Айта білсек Мамырды,
Тұқымынан Мамырдың
Жақсы адамдар табылды.
Мінезі елге жағымды,
Көтергендей назыңды.
Ерлері де көп еді,
Дұшпанға салған жазымды.
Мырзатай менен Дулаттан
Жаудың көрі қазылды.
Нұрмағамбет, Есберген –
Жақсылары сабырлы,
Дұғалары қабыл-ды.
Есберген жақсы сөйлесе,
Құсасы іштің жазылды.
Билері көп ағынды,
Ең аяғы – Тілепбай
Алқада талай шабылды.
Сөзге келдік Кенжеден,
Салтанаты артық өзгеден,
Төрт арыс Кенже болғалы,
Бетіне дұшпан келмеген.
Қойсары менен Қонайдың
Жайлағаны – ағын су,
Көкорайлы көлменен.
Бедеу ат мінді жабдықтап,
Алтын таға, ақбас ерменен.
Қыз-келіннің кигені –
Мақпал, қама зер менен.
Сары қымыз, қызыл шәй,
Жылқы еті мен қойдың май,
Аштың емі – шөлменен.
Үй ішіне жиғаны –
Ақ сандық шұбар теңменен.
Сарыала жасау, сән бұйым,
Сары алтынмен өңдеген.
Ағатай менен Қабақ би,
Сөйлеген тура жолменен.
Жамансары Керейде
Шабысын тауысып өлмеген.
Белгілі айтқыш Ақтан бар,
Сөзді төккен термемен.
Жиын-тойды іздеген,
Бәйге алған тілменен,
Шығарды сөзді түрменен.
Қарамырза, Қалдыбай –
Екі қажы жолда өлген,
Иншалла, тапқанды
Ұжмақта жайды хорменен.
Тобанияз шешен бар,
Сөзге кезек бермеген.
Хан, төремен таласып,
Қалған жоқ жері білмеген.
Құрман, Төкеш, Қозыбек,
Құлтумадай ері бар,
Дұшпанға қылыш сермеген.
Айдархан менен Сәдестің
Кемдігі жоқ білімнен.
«Кемдігі бар» деп айтпайды
Келбатырды Әділ мен.
Естігенім осылай,
Көрмесем де көзбенен.
Өкпелеме, Жеменей,
Кемшілік болса сөзімнен.
Жиеннің сөзі екенін
Білсе керек көңілмен.
«Нағашы жақсы» дегенде,
Жиеннің көңілі семірген.
Кәрілік жеңіп бұл шақта,
Құр қалып жүрміз білімнен.
Біліктіге санамай,
Азға қойып шамадай,
Санаңыз бізді жеңілден.
Сөз қиыны келгенде,
Көз жасы достың төгілген.
Сөз өнер сөзден балалап,
Жеменейді аралап;
Рұқсат болса, мырзалар,
Тобышқа келдік жағалап.
«Айтпай кетсек болмас, - деп, -
Келімбердіні аралап».
Білмегеннің саны жоқ,
Білгенімше саралап,
Артық кетпей шамалап;
Азырақ айтып қояйын,
Орта есеппен бағалап.
Әдеті екен халықтың
Бар уақытта Тобышты
Патша, ханға баламақ.
Нақақ ісі жоқ екен,
Кісіге жапқан жалалап.
Жігіт екен сабырлы,
Жау келсе де қашпаған,
Айналасын қамалап.
Нашарлардың хал-жайын
Талабы екен сұрамақ.
Тұқымы асыл жараған,
Абыройлы еді сол Тобыш,
Атағы көпке тараған.
Араздықты жаулаған,
Татулықты құраған.
«Өз елім» деп көп мақтап,
Шежірені бұра алман.
Ажарлы еді сол Тобыш,
Мысалы, күннен нұр алған.
Арылмады ауылы
Күндіз-түні құралдан.
Екі әйел алды сол Тобыш,
Сыпайы, белі бұралған.
Ораз, Бегей, Көпестей
Үш бала болды бұлардан.
Үш Тобыш болды данышпан,
Бақ-дәулеті толысқан,
Даңқы шықты алыстан.
Палуандары шөгерді
Алыптарын алысқан.
Ораз, Бегей, Көпес үш ұлы
Ханменен қайрат сайысқан,
Дұшпанды қуды қоныстан.
Мін таба алмас бұл Алаш
Үш арыс мынау Тобыштан.
Бегей батыр келгенде,
Дұшпанға салды зымыстан.
Зымыстаннан несі кем,
Өткізгесін қылыштан?!
Бегейдей батыр болған жоқ
Алты арыс мынау Алаштан.
Дұшпанды талай құлатқан,
Арын жібермей намыстың.
Заманында ер Бегей
Секілді алып арыстан.
Бегейдей ер қайда бар
Қалмақтан шауып, олжа алған,
Қазына, мүлік, малды алған?!
Қалмақтың ханын өлтіріп,
Ақсұқсыр деген қызды алған.
Олжаны көпке сол салған,
Азғантай емес, мол салған.
Неше бір жыл қалмақ жайлаған
Қазаққа дерек қонысталған.
Бізге қалай тоқтасын,
Солардан өткен сұм жалған?!
Бегей еді елдің қорғаны,
Кемшілік көрген жері жоқ
Дүнияға пайда болғалы.
Әруағы бұлттай торлады,
Қылыш кесіп Бегейден,
Оқ өтетін болмады.
Керхауызды шапқанда,
Қамалды бұзған сондағы.
Бегейден – жалғыз Кәдірқұл,
Кәдірқұлдан үш бала –
Қозыбақ, Қосаяқ, Малай-ды,
Ашық еді қолдары.
«Мейман тура келсін» деп
Оңаша тіккен орданы.
Асып туған шамадан,
Нешелер асыл ер шықты
Үш арыс Бегей болғалы.
Нешелер жақсы өтіпті
Қосақ деген ауылдан.
Үш Қосаяқтың жігіті
Асыл, Жаугер, Ақболат,
Айбалтаны қолға алған,
Шарғының жолын жолдаған.
Ақ үй тігіп, ат мініп,
Тағамын таза пәк қылып,
Салтанатын оңғарған.
Текті атадан қызды алған,
Бәйге тігіп, ат шауып,
Мінген аты сонда озған.
Қыз-келіннің таққаны –
Меруерт, гауһар, маржаннан.
Келеш, Шопан екеуі
Артық туған жандардан.
Сөйлескен адам бұлармен
Таба алмай дерек, сандалған.
Білімді адам аз еді,
Ізбасар менен кешегі
Ақсақтың ұлы Оңғардан.
Үш Қосаяқтың ішінен
Жүйріктер шықты сөз білген.
Нашарлардың хал-жайын
Көңілге алып, көзге ілген.
Сақилығы асқан адам жоқ
Боздай менен Сәлдірден.
Сәлдір келсе алқаға,
Мерекеге сән кірген.
Білімі асқан адам жоқ
Досжандай айтқыш білгірден.
Қызыл тілі бара-бар
Бақшадағы бұлбұлмен.
Қорқып еді дұшпаны
Құлық, Қожық, Қостілеу –
Қайраты асқан ерлерден.
Қош махамбет хазірет
Бір бөлек елді меңгерген.
Шариғатпенен жол айтып,
Қошекең келсе ортаға,
Мәжіліске өң кірген.
Білімі асқан дариядай,
Жеті жұрттан тіл білген.
Ойлап көрсек, жарандар,
Бұдан артық кім білген?!
Кем емес еді, ойласақ,
Есқара молда білімнен.
Ақсақалдың бірі еді
Атағы жұртқа білінген,
Сөз сөйлеген ылыммен.
Осылардай жақсы адам
Екі айналып келер ме
Өтіп кеткен сол күннен?!
Жақсылар көп Қосаяқта,
Қатардан асып туылған.
Баһадүрларі Қосаяқтың
Дұшпанның жерін қуырған.
Мырзалары Қосаяқтың
Қылышбау, деңмент буынған.
Артық адам болмады
Сисенбайдай алымнан.
Тобышқа арлы жерінде
Сөйлеу үшін Қуанбай
Шақыртылып алынған.
Өмір, Темір, Бәйте, Көбес –
Төрт арыс Малай болғалы-ай,
Дұшпанға қанды қақпанды-ай,
Мінгені – бедеу аттардай.
Қырмызы қытай – төсегі,
Ақ ордада жатқанда-ай.
Атлас жібек – кигені,
Зер менен қамқа, мақпал-ды-ай.
Кетпес дәулет, кең пейіл,
Басқа қонған бақ бар-ды-ай.
Малайдан қайрат көрінді,
Тоғыз ауыл Есбердіні
Босағадан жәуміт шапқанда-ай.
Қалмағамбет бастығы,
Он екі кісі тап болды-ай.
Қуып жетіп дұшпанға,
Үш жүз кісі жәумітпен
Ұрысуға бас салды-ай.
Ұмытып кетіп аздығын,
Әруақтары қысқанда-ай.
Құлмағамбет, Өтебай,
Аз кісі көппен ұрысты,
«Өлерміз» деп сақтанбай.
Айырды мал мен жесірді,
Жауға салды кесірді,
Төбеден жасыл соққандай.
Нашар екен сол ауыл –
Артуға көлік бермеді,
Солар үшін ұрысып,
Ерболат оққа ұшқанда-ай.
Есен, Сүгір, Шабайдың
Арқанын қиып, аударып,
Әкеліп нарға артқанда-ай;
Есберді өкпе айтқан жоқ
Жігітіне Малайдың.
Өлшеу қатар, шақ бар ма-ай
Сәтей мен Шоң аяғы,
Алқада жауап тапқанда-ай?!
Қозыбақ деген бір ауыл,
Жігіттері ер ауыл,
Айқын таза нұр ауыл.
Жақсылығы өлшеусіз,
Жамандықтан құр ауыл.
Дауылдыр, Қаржау болғалы,
Кем болмаған бұл ауыл.
Дауылдырдың екі ауылы –
Мыңғыр менен Сеңгірдің
Мысалы, соққан жел дауыл.
Байлығы асқан қатардан,
Өтеғұл менен Сарығұл.
Таусылмастай-ақ бар еді
Бұларға біткен мал мен пұл.
Салтанаты жарасты –
Шалқарындай айдынның.
Қыз-келіннің сипаты –
Ажарындай ай-күннің.
Мінездері әдемі –
Самалындай жаз күннің.
Теңдесі жоқ маңайда
Оңғар, Боқыш, Нұржанның.
Демеген мен Қуан би,
Сайрауындай бұлбұлдың.
Қуаныш пенен Еңсеген –
Бақшасындай гүл-гүлдің.
Еңсегеннің Қуаны,
Қайратындай дүлдүлдің.
Нұрмағамбет, Сүгір бар,
Жорғасындай сүргіннің.
Қасиеті аз емес,
Жердің астын тергеген
Мықышбайдай білгірдің.
Сөзді тәмам етейін,
Бәрін айтып, тауыса алман,
Қозыбақтағы шам-нұрдың.
Азы көпке татиды
Өтіп кеткен сол күннің.
Сөз айтайын Ораздан,
Сөйлеуге тілім оралған.
Берекеті Ораздың,
Артық еді азалдан.
Жарысқаннан оза алған,
Айтысқаннан жол алған.
Қайыры көп қазаннан,
Қымбатты алған базардан.
Ақ күмістей тазарған,
Айдан сұлу ажардан.
Көңілі ашық фанардан,
Тоты құстай таранған.
Немересін айтқанда,
«Он Ораз» деп саналған.
Белбаласы Ораздың –
Шегем менен Жайық-ты.
Қандай міншіл болса да,
Бұлардан таппас айыпты.
Асыл болды ерлі-зайыпты.
Қызыл тілі – жылжыған
Су бетінде қайық-ты.
Караматты жандар бар,
Бағзы уақытта болжайтын
Алдындағы ғайыпты.
Жайықтың ұлы Әлмәмбет,
Үлкендерден естідім:
«Нашарға берді жәрдем» деп,
«Қастаға болды дәрмен» деп.
Әлмәмбеттің жігіті
Алма мойын ат мініп.
Күннен-күнге сәнденбек.
Төрт ұлы болды өзінің –
Шоңай, Табынай, Зорбай, Бәубек,
Қоңыр үйлі, шалмалы,
Ақ сүйекті қожаны
Қосып алды өзіне,
Балаларыменен деңгелдеп.
Бес Әлмәмбет болғалы,
Бойсұнбайды дұшпанға,
Қыран құстай шеңгелдеп.
Қоңыр үйлі, шалмалы,
Тастан ауыр салмағы;
Ақ сүйек қожа моллалы,
Киік сауған қырдағы,
Екі иығы тұлғалы.
Өлшеу емес адамға
Бұлардың рең нұрлары.
Періштеменен бара-бар
Мінез-құлқы, сырлары.
Әлмәмбеттің бақыты –
Осылардай жақсының
Қосылып, бала болғаны.
Әруағын олар асырып,
Жын-шайтанды қашырып,
Қасиеті оқтай зырлады.
Қорықпаған қонақтан,
Қолы ашық, мырза-ды.
Күндіз-түні сыйынып,
Жар етеді Алланы.
Қожалардың бар жері
Қашты шайтан, жындары.
Қожалардың тұқымы –
Та қиямет болғанша
Таусылмайтын арна-ды.
Арасында көп болды
Діншіл, асыл сардары.
Ертелі-кеш тәкрар,
Кәләміллә қолдағы.
Көп айтқанда таусылмас,
Осылардай жақсының
Қабыл болсын жолдары.
Бәубек деген ауылда
Жақсылар көп сөз ашқан,
Сақилар көп мал шашқан,
Кәсібі адал мал тапқан.
Айназардай мергені
Құралайды көзге атқан.
Ерлігі де кем емес
Айдаһарға қол артқан,
Намыс үшін жан сатқан.
Бес баласы Бәубектің –
Малтабар, Бөрібай, Тайсары,
Қоддас, Жарастан
Көңілді жігіт көп шықты
Халықтың басын құрасқан,
Тілдері ұзын құлаштан.
Білікті адам көп шықты
Сөзбенен көңіл оятқан.
Табынай деген – бас ауыл,
Жақсылармен дос ауыл,
Өздері сайқы, мас ауыл,
Дұшпанменен қас ауыл.
Жауға табан тіреуге,
Барымтаменен кіруге
Жігіті көп жас ауыл.
Құлал, Орал, Тегісбай –
Батырлар еді екпінді.
Мысалы, соққан жел дауыл.
Көз салсақ арғы жағына,
Таласар адам болмады
Табынайдың бағына.
Табақтары толулы,
Жал, жая менен қазыға.
Жігіттері ат мінген
Замананың сазына.
Табынайдың жігіті,
Татиды көпке азы да.
Табынайдың баласы –
Арыстанбай,
Даулыбай менен Табылды.
Сақи жігіт көп еді,
Атымтайдай қайырлы.
Тілді жігіт көп еді,
Ақ дариядай ағыны.
Ақсақалдар көп еді,
Хан, патшадай әмірлі.
Халықтың қамын көп ойлап,
Тең көрген бай мен жарлыны.
Дұшпанның бетін күйдірді
Шарпыған от пен жалыны.
Қайсыбірін айтайын,
Табынайдың барлығы
Уызынан жарыды.
Әлмәмбеттің көп жері,
Зорбайға қарай келелі,
Мұнан да хабар берелі,
Таба алсақ сөзді өңделі.
Бақ-дәулеті Зорбайдың,
Жауатын бұлттай өрледі.
Мықтылығы соншама,
Дұшпанға теңдік бермеді.
Сарыарқа менен Маңғыстау –
Мекен еткен жерлері.
Қас дұшпанға кез келсе,
Жазылмаған шеңгелі.
Төлеке, Жаңай, Құл, Өтеғұл, Тоқабай –
Зорбайдан туған бес бала,
Бұлардың жоқ деңгелі.
Алтайы қызыл жүздері,
Шамшырақтай көздері,
Шекерден тәтті сөздері.
Мінгені – жорға сүрмелі,
Кигені – жібек ілмелі,
Ханменен қатар білгені,
Ақсүйек, төре түрлері.
Бес Зорбай болғалы,
Бетіне дұшпан келмеді.
Қожаназары Жаңайдың,
Байлығы жұрттан ілгері.
Қозжан, Шабық, Құлат би –
Ел билеген беглері.
Тілені мырза, ойласақ,
Қай қазақтан кем еді?!
Билері жақсы тынысты,
Жігіттері қайратты,
Бітіргендей жұмысты.
Мекен еткен әрдайым
Тұрмысқа жайлы қонысты.
Атқа мінді арғымақ,
Аққан судан жүрісті.
Ел шетіне жау келсе,
Азы көппен ұрысты.
Шама менен Құрмаштан
Талай жаулар ығысты,
Ақ сұңқардай дыбысты.
Ақ үй тігіп, жүк жиған,
Салтанаты дұрыс-ты.
Мал менен басы тең өскен,
Қарт хазірет, сопысы,
Жүзі жұмсақ, сынық-ты.
Кәт құдалар білікті,
Бас құрасып сөйлесіп,
Арлы жерде бірікті.
Айтқан сөзі қызық-ты,
Күн-күн сайын өрмелеп,
Жақсылыққа құнықты.
Дауға қарсы қадалған,
Жауласқанда жау алған;
Сөзге дерек бере алған,
Қоңсылары оңалған,
Пақырларға панасы –
Жел тигізбес бораннан;
Артық тұқым аз еді
Төлекеңнің тұқымы –
Қамысбай менен Күмісбай,
Қаржау менен Доралдан.
Әли, Тасым, Жаңайдан,
Сәркен, Шомақ, Тағаннан.
Шоңайдан сөзді басталық,
Көрмесек те көзбенен,
Естігеннен нұсқа алып.
Білгенімше сөйлейін,
Аз еді сөзге ұсталық.
Шоңайда жүйрік көп еді,
Ел билеген басқарып.
Екіталай болғанда
Қалмаған кейін жасқанып.
Бөкенбай, Бақай, Тоқсанбай,
Үш арыс Шоңай болғалы,
Жоқ еді мұнда қысқалық.
Жүрісіне Шоңайдың
Ере алмай қалды көп халық.
Теке менен Сатқанды
Жүрді халық еске алып,
Құлыш пенен Қожақтың
Айтқаны жүрді қошталып.
«Шонай болса оңай» деп,
Мұңат биі Шалбардың
Құлышпенен айтысып,
Жығылғаны көпке анық.
Он алты жаста Құлыш би
Бәйімбетпен бірікті,
Хиуадағы ханға бір барып.
Құлыш пенен Қожақтың
Ақылдары – жанған шам жарық.
Діңкесін жаудың құртты,
Сөйлескеннен сырды алып.
Көздің жауын алады,
Жігіттері Шоңайдың
Жиын-тойда қырланып.
Сұлулығы өлшеусіз,
Беттері күндей нұрланып.
Кәдірленген қарттары,
Айтқан сөзі тыңдалып.
Омар, Оспан, Мәтектің
Еткен ісі – мырзалық.
Сатқан хажы, Шайхы ахун,
Талабы Хақтың ырзалық.
Үйдің ішін сәндеді,
Асыл затты пұлға алып.
Жамылды сырттық жібектен,
Ат мінді ақбас ер салып.
Асыл киім – кигені,
Көргендер жүрді таңғалып.
Ақылды адам көп еді,
Сөз сөйлеген оңғарып
.Ашулы жігіт көп еді,
Намысқа шапқан арланып.
Сұпылары көп еді,
Жар еткен Хақты зарланып.
Ақырет қамын ойлаған,
Дүнияға қызбай алданып.
Сатқан хажы, Шайхы ахун
Медина менен Меккеге
Зиярат қылды бір барып.
Шәһәрлі жерде болмаса,
Адамзатқа бітпеді
Шайхыдан артық молдалық.
Осылар үшін таба алсақ,
Ажарлап сөзді сырлалық.
Осылардай жақсыны
Толықтырып айтуға
Тілім жетпес мен ғаріп.
Еске түссе осылар,
Жас келеді мұңданып.
Кімге баян дүния,
Солардан да тұр қалып.
Бақ-дәулеті молыққан,
Қайрат-күші толыққан,
Талай билер сөйлесіп,
Ақылынан торыққан.
Өтпек түгел бұлардан,
Жете алмай, шаршап зорыққан.
Қылыш пенен Қожақтың
Айбарынан дұшпан қорыққан.
Алқада бұлар сөйлесе,
«Келді ме екен, - деп ойлайсың, -
Зұлқарнайын мен Ұлықпан».
Араздардың елшісі,
Аурулардың емшісі;
Татулардың көршісі,
Деректі сөзін айта алған
Шоңайдан туған әр кісі.
Тұқымына Шоңайдың
Билік тиген еншісі.
Ер қаруын асынды-ай,
Кигендері – жасыл-ды-ай,
Патшаның гауһар тасындай,
Қызығы тұрған басылмай.
Сатқан қажы қасында-ай,
Жиырма жеті жасында-ай
Шайхы молда Шоңайдың
Арапада айт шалған,
Бәйтіллада хажы қылған,
Еткен ісі осындай.
Жұмысына Тобыштың,
Қалған жоқ жері қосылмай.
Шайхы – елдің ағасы,
Ешкімнің жоқ таласы.
Асыл ердің баласы,
Алтын тонның жағасы,
Пақырлардың панасы,
Ақылыңда өлшеу жоқ –
Ақ дарияның сағасы.
Сөзбенен ішті еріткен,
Адамның еді данасы.
Өткен іске өкініп,
Қалмаған тілден тобасы.
Білгірсінген талайдан
Артық еді анасы.
Нар еді туған айырдан,
Ақ-қараны айырған
Шайхыға кімнің шамасы?!
Сөйлесек, тілден сөз өнген,
Сөйлеген сайын түрленген.
Тобыштың мықты сауыры –
Сөзге келдік Шегемнен.
Дәрежесін айтсақ Шегемнің,
Сырлыбай, Бабық, Жаубасар,
Ожау менен Нақбала.
Қараш деген біреуі –
Екі анадан тақ бала,
Бес Шегем болып теңелген.
Шегемге таныс барлық ел
Жоғарылы-төменнен.
Жақсы адамдар көп шықты,
Арғымақ мінген бедеуден.
Алған жары – ару-ды,
Толған айдай берермен,
Сән-тәрбиет, салтанат
Ілгері еді әр елден.
Жаз жайлауы – Арқаның,
Ағын сулы өзеннің.
Үй іші толы жасауға,
Ақ сандық пенен шұбар тең,
Сырлы табақ, зереңмен.
Жігіттердің белінде –
Деңмент белбеу кемер мен.
Алтын, күміс – таққаны,
Нақышталған өнермен.
Шебер жігіт көп еді,
Үлгі берген өнерден.
Бай жігіттер көп еді,
Малы асқан кемерден.
Би жігіттер көп еді,
Қызыл тілі безенген.
Ер жігіттер көп еді,
Дұшпанға жарақ кезенген.
Палуандар да көп еді,
Қайраттарын тезенген.
Алыптармен алысса,
Жығатын жерін көзенген.
Ұламасы көп еді,
Шаһарлы жермен теңелген.
Мырзалар да көп еді,
Нашарларға дем берген.
Тәуіптер де көп еді,
Ауруға дәрмен, ем берген.
Сырлыбайдың ішінде
Тілді жігіт өткен жоқ
Жарылғас, Әли, Нұрқасын,
Ләтіп пенен Көбеннен.
Жалған емес бұл сөзім,
Естіп, біліп, көз көрген.
Сырлыбайдың баласы –
Қоқан, Шағыр екеуі.
Шағыр деген тұқымнан –
Құлмамбет пенен Жақау-ды,
Құлмамбеттің қайраты,
Көпшілігі Шағырдың –
Белгілі жігіт атаулы,
Шаруа болды мал жайған.
Жүйрік атты Шотықпай,
Қасиеттен құр емес,
Тілегі қабыл қол жайған.
Өмірзақтың ерлігі –
Бет алғаннан қайтпайды,
Оқ тисе де маңдайдан.
Байлығы асқан адам жоқ
Шағырдағы Тітірбай мырзадан,
Үйі сәнді ордадан.
Қолы ашық мырза еді,
Нашарларды қолдаған.
Сұрасаң, жауап әзір-ді
Атақозыдай дана молдадан.
Баяны жоқ бұл заман
Бізге қалай тоқтасын,
Өтіп кеткен солардан?!
Сөзге келсек Қоқаннан,
Таза тұқым қашаннан,
Сүйіндік пен Кенендік,
Шәртікен мен Болаты –
Төрт баласы Қоқанның
Асып туды қатардан.
Сүйіндік пен Кенендім,
Бұл заманда лақабы
«Жайылған, Шың» деп аталған.
Сүйіндіктің ішінде
Досан, сұпы Малдыдан.
Талай жерде құралып,
Тарқады адам алдынан.
Палуанның бірі Сандыдан,
Тілі тәтті балдыдан.
Артық жігіт жоқ еді
Шың ауылда Қалдыдан.
Жайылған деген ауылда
Асқабандай молда бар.
Тіл біткеннің шешені
Нұрнияздай жорға бар.
Аты атанған билері
Құлқай менен Жан да бар
.Жан менен Құлқай екеуі –
Халыққа мағлұм аттары,
Атақты билер қаттағы.
Ел шетіне жау келсе,
Бұлар да үйде жатпады.
Аспахандай молдасы
Дәріс айтып күндіз-түн,
Шариғатты жаттады.
Демеп мырза кешегі
Мейман келсе, сақтады.
Ақылы қайнар бұлақтай,
Нұрнияздай тақтағы.
Нұрнияз келген ордада
Басқалар сөзден тоқтады.
Айта берсем, таусылмас,
Қайсыбірін мақталы.
Жаппас пенен Кердері
Есебінде Қоқанның
Осылар да жүреді.
Кердерінің ішінде
Алпан, Балқан, Түкібай
Қатарынан ірі еді.
Кердері деген ауылдың
Бақ-дәулеті көп еді.
Үркімбайдай хазірет –
Айқын жарық нұр еді,
Рұқсат алған пір еді.
Тәмам еткен дәрісін,
Түгелденген әр ісін
Бұдан артық кім еді?!
Қадырберді хазірет –
Бұ да раушан, дүр еді.
Ескертейін енді мен
Шәртікен мен Болатты-ай,
Жігіті жүйрік қол аттай.
Батыр жігіт көп шығып,
Дұшпанға қарсы оқ атты-ай.
Мырза жігіт көп еді,
Жақсы күткен қонақты-ай.
Би жігіттер көп еді,
Беруге әзір жауапты-ай.
Тақуалар көп еді,
Хаққа қылған тағатты-ай.
«Мақшар таңы атқандай
Тапқаймыз, - деп, - сауапты-ай».
Шәртікенің баласы –
Үш Жолбике Меңдіғұл.
Меңдіғұл деген ауылда
Кең жігіттер көп еді,
Тай алғыға қой алған.
Қойы жоққа кешіріп,
Бермесе де, қиналмаған.
Сыпайылар көп еді,
Жүз жыртуға ұялған.
Қайратты жігіт өткен жоқ
Есембет пен Баяннан.
Бет алғаннан қайтпайды,
Тұрса да найза таянған.
Халық қамын көп ойлап,
Ұйқысын бұзып, оянған.
Тобыштың ары кез келсе,
Жоқ еді жері аянған.
Мырза жігіт көп еді,
Ат аунатып, демалып,
Мейман келсе, боянған.
«Үйге қонақ түсер» деп,
«Келсе, мейман ішер деп,
Ақ қант пенен шәй алған.
Қол қусырып, құрметтеп,
Қонаққа бағлан соя алған.
Қадірлі адам көп өтті,
Барған жерден сый алған.
Нешелер жақсы өткен жоқ,
Жалғаншы дүние фанидан?!
Дәулеті асқан адам жоқ
Есейдей, артық Қанидан.
Тілді жігіт жоқ еді
Жарылғас пенен Алидан.
Ұйқы-ұйықтамай Жарылғас,
Сақтанды шайтан залымнан.
Меңдіғұлға тай ауыл
Кіші Жүзде жоқтығы
Ашық, анық байқалған.
Меңдіғұлдан табылды
Үйренгенге ақыл айта алған.
Ілиястай молда бар,
Зікір айтып, зарлаған.
Кемшілігі жоқ еді
Ұл менен қыз – балдардан.
Төрт түлікті малдардан,
Қара түгіл, хандардан.
Меңдіғұлдай ауылға
Талайлар келіп, жалбарған.
Қазақта күшті болған жоқ,
Түрікпенбайдай палуаннан.
Алыптарменен алысып,
Талай жерде арды алған,
Бәйгеге ат пен нарды алған.
Қызулы жігіт көп еді,
Тобыш үшін арланған.
Шешен жігіт көп еді,
Таңдайынан бал тамған.
Батыр жігіт көп еді,
Қылышынан қан тамған.
Салтанатты жігіт көп еді,
Ордасына шам жанған.
Артық жігіт аз еді
Қалпақ пенен Елемес,
Жалмағанбет, Шабардан.
Бұл Адайдың ішінде
Әділ, Артық, Ахмет,
Олардан артық бар ма адам?!
«Осылардан ілгері
Бар» десе біреу, нана алман.
Ахмет, Әділ бар жерде
Келе алмай, дұшпан қамалған.
Бес Өрдектен Меңдіғұл
Талтүсте тиіп, мал алған.
Мақтанса да Жеменей,
Мал үстінде ұрысқа
Жоқ еді сонда келе алған.
Түркімен даулы болғанда,
Арасынан ұстап олжа алғанда,
Айдар мерген кешегі
Ойға алғанын қыла алған.
Әділ мен Артық, Ахмет
Киім киіп үстіне,
Ат мінген жоқ пұлы арзан.
Меңдіғұлдың дұшпанға
Әруағы бұлттай мұнарған.
Бізге қалай тоқтасын,
Өткен дүния бұлардан?!
Артық, Ахмет, Әділден,
Исатайдай Кәмилден.
Қай орында болса да,
Жері жоқ жүздің төгілген.
Дұшпанның тауы шағылды,
Сөзге дерек табылды
Тұрынбек, Қалас, Әмірден.
Айтып өттік азғантай
Тұрлығұл деген ауылдан.
Билік алған қауымнан,
Бес Шегемнің сауырдан.
Іздеп артық таппадық,
Балшықбай менен Жаулыдан.
Аттап басқан тұлпардай,
Арғы жағы – Қоқаннан,
Бергі жағы – Меңдіғұл деген атандай.
«Кемі бар» деп айтпайды
Рақ пенен Шортанды-ай.
Талай мәжіліс құралып,
Меңдіғұлдан тарқады-ай.
Жаңа келдік Бабыққа,
Тілім, құстай қалықта!
Ұлғай, Құлбай, Есен мен
Үш бала болды Бабықта.
Білмегенім есепсіз,
Білгенімді сіздерге
Көрсетейін жазып та.
Білгенімді айтуға
Қызыл тілім, жалықпа.
Қолда тұрмас тіршілік,
Ерініп, шаршап, жалықпа,
Шөлдемей тұрып қанық та.
Пайдаң тисін ел-күнге,
Шыққан соң туып жарыққа.
Атағы шыққан адам көп
Бұл Бабықтан халыққа.
Мырза мен би толық та.
Батырлар да көп еді,
Жауға салған ойранды,
Өзі іздеп барып та.
Байлары да көп екен,
Ақ үй тігіп, ат шауып;
Күнде жиын, айт, сауық,
Айдын көлге мал жайып,
Белгілі болған тарихта.
Сақилығы көп еді,
Пайдасы тиген ғарыпқа.
Қадірлі адам көп еді,
Халық сөзін тыңдаған.
Қамқор адам көп еді
Халқы үшін жанын қинаған.
Бүтін еді жағасы,
Дұшпаннан сағы сынбаған.
Ақ үй тігіп, шам жағып,
Мейман келсе, сыйлаған.
Көздің жауын алдырып,
Ақ орданы сырлаған.
Мінгендері – жорғадан,
Кигендері – күлләдан.
Кербез еді жігіті,
Қаладан асыл таңдаған,
Әдемі еді ажары
Бақшадағы алмадан.
Қыз-келіннің шаштары
Секілді жібек талдаған.
Аманияз, Қолдабай,
Азан айтып, толғаған.
Ақиретті көп ойлап,
Жас төгіп көзден, зарлаған.
Өз еркіне жібермей,
Нәпсісін тыйып, байлаған.
Қайырлы жігіт аз еді
Райым менен Сағдадан.
Жақсы адамдар көп шықты
Есен менен Құлбайдан.
Үш Бабықтың ішінде
Өскен жері, ұлғайған.
Бай өткен жоқ Адайдан
Бабықтағы Селбайдан,
Ер өткен жоқ Мыңбайдан.
Әруағы күшті айбардан,
Ат- жарақ, құрал-сайманнан;
Мылтық, қылыш, найза алған,
Ақылы – дария, қайнардан.
Ерлік, билік, мырзалық
Артық біткен малдардан.
Бәрі бірдей тең біткен
Дүнияға келмес мұндай жан.
Бәйбішесі Ұлданай –
Ажар-көркі толған ай.
Балалары Мыңбайдың –
Қарашолақ, Екібай.
Шама қылсақ, жігіттер,
Хан төреден бұл қалай?!
Кіші әйелден – Қозыбақ
Мұның да айтқыш тіл-жағы-ай.
Немересі Мыңбайдың –
Басықара, Нұрберген.
Дұшпанға жоқ сыр берген,
Бұлардай Алла ұл берген.
Жауды көзге ілмеген,
Дауды жықты сөзбенен.
Елдің ісін бітірді,
Тентекті түзеп тезбенен.
Дұшпанның көбін ықтырды
Тек қараған көзбенен.
Бәймембет пен Ермембет,
Шуақбай мен Құлат-ты
Көшке тіркеп ұрғанда-ай,
Баладай бұлар еңіреген.
Арашалап оларды,
Келмеген ешкім өңгеден.
Мұндай қорлық көрсе де,
Бет алдына Мыңбайдың
Адайдан ешкім келмеген.
Менменсіген дұшпандар
Келсе де, талай жеңбеген.
Досқа тілі тәтті еді,
Жібектей жұмсақ өңменен.
Сөз айтайын тыңдаңыз,
Жаубасар менен Ожаудан,
Төлеген менен Қаржаудан.
Жақсы адамдар көп еді,
Ақылы көп ден саудан.
Шешен жігіт көп еді,
Таңдайынан нұр жауған.
Ер жігіттер көп еді,
Қабағынан қан жауған.
Бай жігіттер көп еді,
Бие байлап, нар сауған.
Сатса, баға жеткізбес,
Жинаған асыл жасаудан.
Атлас жібек – кигені,
Алып келген базарлап,
Бұхара менен Шаржаудан.
Салтанатты сәні бар,
Көрген адам таң қалған.
Ерлерінің мінезі:
«Жау бар» десе, шамданған,
Төре алдына барғанда,
Өтетін жерін аңғарған.
Еснұрмамбет кешегі,
Қаптаған жауды қақ жарған,
Қоңыраулы найза қолға алған.
Мырзалардың қонаққа
Сойғаны – семіз бағланнан.
Жалықпайды қыз-келін,
Мейманға қызмет қылғаннан.
Төлеген мен Қаржаудың
Мұқтажы жоқ жалғаннан.
Ешбір адам мін таппас
Жылқыбай менен Түлкібай,
Жақсыбай мен Тұманнан.
Артық еді салтанат,
Жинаған жасау сан түрден.
Қожағұлдың бақыты
Мақтап айтсақ, аз емес
Әбілқайыр мен Жәңгірден.
Мырзалығы асқан жігіт аз
Есімбай мен Қосымбай,
Қожағұлдың Әбдірден.
Ерлігі асқан жігіт аз
Ерімбай мен Кенжебай,
Қитар менен Әбілден.
Моллалығы асқан адам жоқ
Әмин менен Әбиден.
Билігі асқан адам жоқ
Кенжебайдың Мәміш биден.
Қорқады деп айтпаймын
Қаңғыбайды Өтеу мен.
Ат құйрығын түйінген,
Асыл киім киінген,
Айтуға тілі сүйірден.
Артық адам жоқ еді
Қарбала мен Құлбалай,
Қарашолақтың Сүйіннен.
Өлгенде Сүйін қиналып,
Бес арыс Шегем күйінген.
Пысық жігіт жоқ еді
Әжібай менен Ермектен.
Айтқыш жігіт жоқ еді
Көшбай менен Мәмектен.
Байлығы асқан адам жоқ
Жәумер менен Малбектен.
Кілем іліп, жүк жиып,
Үйдің ішін сәндеткен.
Қалай қиып жұмсауға
Қазына, мал мен пұл жеткен.
Арқасында барлықтың
Байтіллаға хаж еткен.
Хайыр ахундай хазірет
Шариғатқа жол шеккен.
Шаһарында Хиуаның
Ғылым алды еңбекпен.
Мешіт салып, жай түзеп,
Халыққа ғылым үйреткен.
Тынымды болып білімі,
Тәмамына ғылымның
Шәкірттері тез жеткен.
Ахундардың ішінде
Хайырмұхаммед – афзалы,
Моллаларды дүреткен.
Саясында шайхымның
Нашарлар талай күнелткен.
Шәкірттері ахунның
Елді тездей түзеткен.
Ахундығы – фаныстай
Мешітте тұрған нұрланып.
Шәкірттері, мысалы,
Секілді шамдай жап-жарық.
Солардан қалған аз ғылым
Әлі күнге дейін тұр жанып.
Кемімейді бергенмен,
Ғылыммен еткен мырзалық.
Сансыз көптер тұрса да,
Қанарменен күнде алып.
Қызғанбайды ғалымдар,
Алса да шәкірт құр барып.
Өздері берсе құрметтеп,
«Аз», «көп» демей, жүрді алып.
«Үйренем» десе адамдар,
Жақсылар нетсін қызғанып?!
Құдай деген жақсылар
Абырой менен ризықтан
Көрген жоқ тіпті құр қалып.
Бірден-бірге шәкірттер
Осы әдеппен келеді
Ұстаздың жолын құлданып.
Негізгі әдеп осылай,
Сөз тыңдаса бұл халық.
Хайырмұхаммед хазірет
Байтіллада хаж етіп,
Мәдина мен Меккеге
Қайтып еді бір барып
Хайырмұхаммед хазірет –
Қайнары еді ақылдың;
Қамқоры еді пақырдың,
Асқары еді жақынның;
Қымбаты еді асылдың.
Шаһарында Хиуаның
Бас шәкірті атанды
Құрманияз ахунның.
Қолын алды пірленіп,
Үргеніште Зәкірдің.
Әдемі еді ажары,
Тазасындай алтынның.
Мінез-құлқы тыныш-ты,
Саясындай салқынның.
Қызыл тілге келгенде,
Ақ дариядай қарқындым.
Досына балдай татыған,
Дұшпанға оттай шарпулым.
Дәріс айтқан ордада,
Арлы жерде ашулым.
Ғылым менен білімге
Алты Алаштан артылдың.
Айырып едің арасын
Намақұл менен мақұлдың.
Атаң надан болса да,
Ақылы асқан бек тудың,
Та қиямет болғанша,
Тілден қалмай, айтылдың.
Қайырмұхаммед ахуннан
Білім алған молдалар –
Ажары еді халқымның.
Сөз айтайын сарастан,
Жалған емес растан,
Бес Шегемнің Қараштан.
Перзент, дәулет тең бітіп,
Қатарынан бағы асқан.
Тақуалар көп шықты,
Халық ішінде дін ашқан.
Жаулылықты ойламай,
Жомарттық қылып, мал шашқан.
Ақ үй тікті жүк жинап,
Аспанменен таласқан.
Жарқыратып көңілін,
Үй ішіне шам асқан.
Қара қазан, сырлы аяқ
Мейман келсе, толы асқан.
Сары қымыз, ақ шұбат,
Жая менен жал асқан.
Ақылдасып көппенен,
Жақсыменен жанасқан.
Сақилығы өлшеусіз,
Аямаған дәулетін,
Ағайын менен жолдастан.
Қырмызы қытай – төсегі,
Қаптаған мамық атластан.
Айдан сұлу – алғаны,
Тар төсекте сырласқан.
Алтын сырға нақышты
Жарқырайды құлақта.
Рахаты көбінің
Кем емес еді ұжмақтан.
Қазанат еді – мінгені,
Мақпал тоқым, ақ бас ер,
Ат-сайманы жарасқан.
Алтын тоға, ақ сулық,
Деңмент белбеу белге асқан.
Аттары – жүйрік арғымақ,
Құтылмастай жер басқан.
Қарашты «жаман» демеді,
Болмаған адам дін дұшпан.
Қарашты айтсақ есеппен,
«Көңіліңе келер» деп;
Атасы Шегем Қарашқа,
Тәрбиені жеке еткен.
Бәйбішеден үшеу деп,
Сырлыбай мен Бабықтың
Шешесін бұған шеше еткен.
Ат сұлуын мінгізіп,
Ордада молда көрсеткен.
Алаштан таңдап бір қызды
Алып беріп, неке еткен.
Өз әкесін сұрасаң,
Қараш дүниеге келерге
Екі жарым ай қалғанда
Жау қолынан өледі.
Есіл жігіт ер Еділ –
Бел баласы Көпестің.
Сол Қараштың баласы –
Елтүзер еді Өтеп пен.
Дәрежесі бұлардың
Асқар таумен теңдескен.
Хан, төреге пара-пар,
Ажар-көрік, келбеттен.
Табылмады сол күнде
Оларға қатар тең жеткен.
Үш баласы Өтептің –
Ақсақал, Байсақал, Жәдікпен.
Ару қатын – алғаны,
Бұралған белі нәзіктен.
Қуатты жігіт болған жоқ
Заманында Жәдіктен.
Жәдіктен де үш бала –
Ошырты, Өжет, Қалматай.Төлеген,
Тоқшора, Атағұл,
Үш Қалматай болғалы,
Жақсылары таусылмас,
Айта берсем кезекпен.
Жақсы адамдар көп өтті,
Парыз, сүндет ада еткен.
Бес парызын тәмәмдап,
Байтіллаға хажы еткен.
Би жігіттер көп өтті,
Алқада тілін безеткен.
Ер жігіттер көп шықты,
Дұшпанға қару кезеткен.
Бай жігіттер көп өтті,
Сән, тәрбиет түзеткен,
Палуан жігіт көп шықты,
Алысқан алыбын жүдеткен.
Айбарлы жігіт көп шықты,
Ат басындай жүректен,
Айбалтадай білектен.
Мырза жігіт көп шықты,
Нашарлар тойып, күнелткен.
Шайхы, хазірет көп шықты,
Мешіт салып ортада,
Дін-шариғат дүреткен,
Дұғасы қабыл тілекпен.
Кербез жігіт көп шықты,
Қама, құндыз, зер төгіп,
Мақпал киген жібек пен.
Мұқтажы болмай дүнияда,
Бірнеше жылдай күн өткен.
Әлі күнге келеміз,
Солардан қалған ретпен.
Ошыртыдан туған үш бала –
Құттықадам, Бұйрат, Қарақұл.
Есепсіз мұнда бір ақыл,
Қарақұлға ат қойған:«Қарақұл емес, Данақұл».
Құттықадам, Бұйраттың
Бүтін еді сара ақыл.
Қарақұлдың алты ұлы:
Бірі – патша, бірі – гүл-гүл.
Бірі – тоты, бірі – бұлбұл,
Бірі – тұлпар, бірі – дүлдүл.
Бақ-дәулеті бұлардың
Өрмелеген жылма-жыл.
Қайсыбірін айтайын,
Қарақұлдың тұқымы –
Қайыспайтын құнан піл.
Өжеттен тұқым қалмаған,
Бұйрығыменен Алланың
Дүниядан өтті талай жан.
Осылардай жақсының
Аты қалса тарихта,
Болмас еді бізде арман.
Елтүзерден үш бала –
Елібақ, Жайлы, Меңдібай.
Мін таппады астана,
Ақылдары – бек дана,
Тіккен үйі – ақ орда.
Мінгендері – тең жорға,
Алған жары – ақ алма.
Кигендері – үстіне,
Мақпал, жібек, зер, қама.
Қыз-келіндері керме қас,
Кестеленген жең-жаға.
Ат-сайманы саздаулы,
Өмілдірік, құйысқан,
Алтын сулық, ақ тоға.
Ағайынды үшеуі
Көркем еді ажарға,
Халықтың түскен назарға.
Үшеуіне тең біткен
Дүние қажет тәмамда.
Сабыр етіп бәлеге,
Разы болған ажалға,
Қайыры артық қазанда.
Жасалуға әзір тұр
Сырлы тамақ самарда.
Жиналып тұр кірелеп
Шәй мен шекер қанарда.
Мал өсірген саудасы,
Жүріп жатыр базарда.
Жарқырайды төрінде
Аспалы шам фанар да.
Бұларға кімнің шарасы,
Халық қалаған азалда?!
Көрмесем де, осылай
Қарттардың айтқан хабарда.
Жақсылардан дәм татқан,
Дін жолында жан сатқан;
Асыл затқа мал сатқан,
Ажар-көркі насаттан.
Қатыны кербез киінген
Мақпал, зерлі шашақтан.
Құрал-сайман жасатқан
Саржа менен масаттан.
Үйіне келген мейманға
Жал менен жая асатқан.
Шебер еді тілдері,
Сөйлесе, сүйек босатқан.
Артық адам аз еді
Меңдібайдың екі ұлы
Тойғұлы мен Шақаттан.
Екі арыс мынау Жайлыдан
Әйтімбет пен Көшімбет
Атағы жұртқа жайылған.
Бай жігіттер табылды
Есепсіз малы сойылған.
Би жігіттер табылды
Таңдайы шебер ойылған.
Ақ сандық пен шұбар тең,
Үйінде жасау жиылған.
Алтын, күміс, асыл зат,
Іші толы бұйымнан.
Қызыл шәй мен ақ қант
Самаурыннан құйылған.
Тақуа адам көп еді,
Шұбхалы заттан тыйылған.
Тәрк етпеген намазын
Ақ шариғат бұйырған.
Шебер жігіт көп еді,
Хабары келген қиырдан.
Шешен жігіт көп еді,
Сөзді тапқан қиыннан.
Палуан жігіт көп еді,
Бәйге алған жиыннан.
Кереметті адам көп еді,
Қысылғандар сыйынған.
Мерген жігіт көп еді,
Құлан менен киікке
Аш-арықтар тойынған.
Оймақ ауыз, қиғаш қас,
Ару қатын – алғаны,
Рахатты қойыннан.
Алла қосқан жарымен
Жалықпастай ойыннан.
Қазанат бедеу – мінгені
Кере құлаш мойыннан.
Молдалар да көп еді,
Халал-харамды айырған.
Сахи жігіт көп еді,
Болмаған жері тайынған.
Ерегескен дұшпанның
Жүректері шайылған.
Дос-жаранда кемдік жоқ,
Нағашы, жиен, қайыннан.
Ажарлы еді ұл-қызы,
Қаламдай қасы қиылған.
Тұқымына Жайлының
Озды десе болғандай
Адай түгіл Байұлынан.
Елібақтың үш бала –
Кенжебай, Толыбай, Жәнібек.
Патшадан тәртіп заңы көп,
Қайрат, қуат, әлі көп;
Перзент, дәулет, малы көп,
Қатардан асқан бағы көп,
Салтанатты тағы көп.
Дүния қажет табылған
Ат пенен атан, нары көп.
Қарттардан талай естідім,
«Елібақтың үш арыс
Кеткен жоқ жауға ары» деп.
«Үш Елібақ белгілі –
Қараштың сауыр сәні» деп.
Елібақтың үш арыс
Ақ ордадан жайы бар,
Қыдыр көрген байы бар;
Асуға ет пен майы бар,
Ішуге қант пен шәйі бар.
Жігіттері Елібақтың
Қас төредей ойы бар,
Қас патшадай сойы бар;
Күнде мәжіліс тойы бар.
Мырзалығы өлшеусіз,
Көлге келген жылқыдай
Пақырлар келсе, тойынар.
Қазанат бедеу – мінгені,
Жортақ емес, жорға аты.
Төре келсе, тоқтамас,
Баға жетпес базардан
Ер-тұрманның қымбаты.
Ару қатын – алғаны,
Жарасып тұр сымбаты.
Кигендері үстіне –
Қаланың асыл пұл заты.
Палуандары Елібақтың –
Арыстандай қайратты,
Айдаһардай айбатты.
Кербез билер көп шықты,
Бақыт қонған ауылдың
Кем болады қай заты?!
Әсіресе Жәнібек
Жігіттері Қаныбек,
Ақ қант пен шәй ішкен,
Жал менен жая, қазы жеп.
Берекет біткен ел еді,
Бола берген азы көп.
Байтілланың есігін
Қолменен ашқан қажы көп.
Хайыр ахунның сөзі бар:
«Жәнібек – елге дәрі» деп.
Жәнібектің жайлаған
Ақ орайлы көлі бар,
Көделі, құмайт жері бар.
Қонысына лайхат
Салтанатты елі бар.
Жібек кілем жайылған
Ордасының төрі бар.
Әкім болған жігіт көп,
Жанында қағаз, мөрі бар.
Ел қадірін білетін
Ақсақал қөп жөні бар.
Отқа қолы күймейтін,
Қасиетті ері бар,
Халық билеген бегі бар.
Өтірік жала жаппаса,
Айта алмайды дұшпан да
«Жәнібектің, - деп, - кемі бар».
Елтүзер мен Жәдіктің
Айтылып өтті жіктері.
Бағасы қымбат асылдан
Ақ үй еді тіккені.
Үлкенін кіші сыйлаған,
Жігіттері текті еді.
Лайқатты жүрісі
Қыз-келіншек – ерткені.
Асыл киім киініп,
Беліне деңмент буынып;
Алма мойын ат мініп,
Ақбас ерді ерттеді.
Қыз-келіннің ажары –
Қабығындай жиденің
Үлбіреген беттері.
Қарт хазірет, сұпысы
Ғибадатқа ниеттеді.
Қыдыр қонған байлардың
Қолынан дәулет кетпеді.
Мырзалығын қарасаң –
Жаңбырдай құйған көктегі.
Сөзді тапқыш билері
Тілдері сүйір, епті еді.
Жүйрік еді мінгені,
Қашқанды қуып жеткені.
Сегіз арыс бұл Адай
Елтүзер мен Жәдікке
Мақтаса да жетпеді.
Елтүзер мен Жәдіктің
Адай түгіл қазақтан
Талай жерде өткені.
Жолаушы жалғыз Жәдіктің
Екі жүзге жоғары
Мағлұм болды істері.
Тартысса аттан түспеді,
Бәйгі алып жиыннан,
Артылды қайрат-күштері.
Нар шығарған құдықтан,
Күресуге қызыққан,
Қатарынан күшті еді.
Қатардан асқан Жәдік еді,
Алты Алашқа дәріпті.
Жәдік атын қалдырып,
«Палуан» деп бұған ат қойған –
Сыр бойында қазақтың
Бір білімпаз қарт еді.
Сегіз арыс бұл Адай
Күшке келсе, Қараштан
Содан бері артта еді.
Елтүзер, Жәдік болғалы,
Ар жіберіп үстінен,
Жүздің суын төкпеді.
Қараштан бұрын бұл Адай
Ер құнының үстіне
Сексен жылқы ат-айғыр
«Қан жудыға» жеп пе еді?!
Зарары тиген талайға,
Мағлұм еді Адайға.
Он алты жаста түйеші
Сауғабайдың қанын төкені.
Жиын беріп Жүсіпке,
Адайды тегіс шақырып,
Тарқатқанда Қойлыбай
Қызметіне бұлардың
Таңғалып анық кеткені.
Жарқын, Сүгір, Есболай,
Есенқара, Тұрсынбай
Өлшеусіз еді біліктері.
Есболайдың ауылы,
Ортасында Әлімнің
Таймінерді өлтіріп,
Аударып үйін тікпеді,
Пайдасыз жерде ілікпеді.
«Сүйінқараның қырғынында»
Түркімен, қазақ болғанда,
Төре Қалау жәуміттің
«Жекпе-жек!» деп тұрғанда,
Сүгір батыры Қараштың
Төре Қалауды шаншып,
Түсіріп, жерге жаншып,
Анық еді жауды іріккені.
Жетіру, Әлім, Байұлы
Жәрмеңкеде күресті,
Уәделесіп біріккені.
Адай болып сөйлесіп,
Аюдың ұлы Тарғынды
Шығаруға дөптеді.
Тарғын салған күресті
Он екі ата Байұлы
Халық үшін қайрат еткені.
Алысқан алпын аударып,
Жыққандығын Тарғынның
Орыс, қазақ біліп те еді.
Белгілі болды Алашқа
Тарғынның сонда тіліккені.
Хан, хазірет, дуанбек
Ақша қиян ауданнан
Даулағанда көп пұлын,
Жолын тауып тоқтатып,
Батаниязы Қараштың
Ханның жерін «Құм жолдан»
Хиуаға дейін шектеді.
Жеменейдің бір қызы
Түркіменге қатын болғанда,
Адай болып арланып,
Айыруға сөз қылды
Батанияз, Бекназар
Адайдың қосқан жүйріктері.
Айырғанда қызды айтысып,
Батанияздың тілінен
Ашылды сөздің кілттері.
Аюдың ұлы Тарқанды
Батаниязбен жарысқа
Сегіз арыс түркіменнің
Шақ келмеді жігіттері.
Құнын сұрап жеті ердің
Адайға Ысық келгенде,
Адай менен Ысықтың
Бітімге аузы бірікпеді.
Адайға Ысық өкпелеп,
Жинады атын кеткелі.
Жеті ердің құнын сіңіріп,
Бермеседе бұл Адай,
Кетуге бар ғой еріктері:
«Елімізден біз келдік
Ағайын болып біткелі».
Қолынан келсе, Адайға
Жамандық қылу – ниеттері.
Тілеуберген биі Ысықтың
Батанияздан сөзден жеңіліп,
Қайта түсіп ауылға,
Бергенін алып Адайдың,
Бас көтермей, біткені.
Батанияз ақсақал
Ақ үй тікті басқұрлы.
Сөйлесе, көңіл қош қылды,
Аразды қосып, дос қылды,
Достың көңілін шат қылды.
Қарсыласқан дұшпанның
Талайын жерге жапсырды,
Тұра алмастай тас қылды.
Одан артық не қылсын –
Керден кескен Жалтырды
Хиуада дарға астырды.
Рейімқұл дуанбек
Білімдісі еді өзбектің.
Ақтөбеде сөйлесіп,
Оның да тілін тарттырды.
Қасқырбай мен Жылқыбай,
Таусылмас айтсақ еткені.
Жақсыбай, Танау, Дастанның
Аулынан мейман кетпеді.
Айтқұл ишан кешегі,
Қадірін білмей Жеменей,
Жетіқара Таздың ішінде
Адайдан жүрді шеткері.
Байқұл хажы жай салып,
Шақырып алды Айтқұлды.
Мақсаты оның сондағы –
Мешітке имам еткелі.
Онан кейін Жеменей
Шақырса да Айтқұлды,
Байқұлды тастап кетпеді.
Есенбеттей тәуіптен,
Иманқұлдай дәрігерден
Ажалы жоқ талайдың
Жазылды ауыр дерттері.
Жылқыбай мен Ізбасар
Білімдері көп еді,
Кешіргендей өкпені.
Қазақбай мен Бекназар,
Адамға бітпес беттері.
Нұржан, Қызыр, Тоғызбай,
Дұшпаннан уайым етпеді.
Аманжол, Өтесін,
Өталының өнерін
Адай түгіл кешегі
Шаһарлы жұрт та сөкпеді.
Өтесіннің мінезіне
Жігіттің жоқ жеткені.
Аманжолдың ажары
Құрайышта болмаса,
Басқа елге бітпеді.
Екі арыс мынау Қараштан
Артық болса бұл Адай,
Осы айтылған істерін
Өздері неге етпеді?!
Бұл Қараштың ішінде
Білімі асқан жігіт көп,
Хан менен ақыл ойласқан,
Бәлки, ханнан ойы асқан.
Хан, төре менен бектерден
Ажар-көркі, сойы асқан.
Дүйсенбай менен Шауанның
Жиыннан артық тойы асқан.
Қойлыбайдың Бекерді
Мейманға жал мен жая асқан,
Ішуге қызыл шәй асқан.
Палуандығы асқан жігіт жоқ
Бектеміс бенен Ізбастан,
Таған, Құлбай, Қойбастан.
Талай жерде Адайдың,
Тауысты алпын қоймастан.
Абдулла, Жылқышы, Абутай
Өмірбек, Досан, Тұрғанбай
Оглан ишан шаһардың
Қазы, муфтысымен тайласқан.
Дәріс айтқан ордада,
Тілдері бұлбұлдай сайрасқан.
Алма мойын бедеу ат –
Адым салып мінгені,
Тәжі сәлле басында,
Ақ мұнара – кигені,
Мәжіліс құрған алқада,
Алтын тудай дұшпанға
Аяғын сөзден жай басқан,
Сөздері айтқан жайласқан.
Сөз жүйесін табуға
Бұларда амал-айла асқан.
Көңілінде бұлардың
Қайнарындай бұлақтың
Ақылдың көзі қайнасқан.
Дүниеге қатты ұмтылмай,
Нәпсіні мәкәм байласқан.
Сұрағанға тоқтамай,
Берісті жауап таймастан.
Ақылының жарығы –
Секілді төрде айна асқан.
Бір Алланы жар етіп,
Шайтанға қару сайласқан.
Ақыретті ойласа,
Жас төгіліп көзінен,
Көңілінде қайғы асқан.
Білгендерің, айтыңыз,
Бұлардан әзір сайласқан,
Сөзге дерек қайырған,
Кіші Жүздің ішінде
Айтқыш адам жоқ еді
Мәулемберді шайырдан.
Кем емес еді білімі
Дүйім баян кешегі
Төренің Абылқайырдан.
Қуатты жігіт аз еді
Базардың ұлы Аюдан.
Сөйлей тұр тапсаң, жақ-тілім,
Тыңдауға келсе халық бүгін,
Барын айтсам, таусылмас
Қараштан шыққан жақсының.
Төрт баласы Тәбеттің –
Аршыландай шапқырым.
Перзент, дәулет тең біткен
Сүймембеттей бақтылым.
Қуанбек, Иса, Қошқарбай –
Айдаһардай шақырым.
Бұрқан, Тумыш, Ермек пен
Амандықтай тапқырым.
Малай, Жаппар, Дәнекер
Ай мүйізді шақтылым.
«Кемісі бар» деп айтпайды
Таңатарын Қашқынның.
Мырзалығы Шопанның –
Ағынындай тасқынның.
Өтебай, Нәубет, Дәнекер –
Орда көрген үлгілім.
Бекбаулының Медиман –
Молда көрген білгірім.
Еділбек пен Басарбек,
Алдамберген, Алтынбек –
Тұяғы тайпақ сүргінім.
Жаулы менен Жантемір –
Қайыспайтын дүлдүлім.
Есенаман, Есенбет –
Байрақ алған жүлделім.
Есенаман шешені –
Заманында қызыл тілдінің.
Арық молда айлакер –
Қаршығадай ілгірім.
Өтеп пенен Мұңалбай –
Бақшада жайнар гүл-гүлім.
«Кемдігі бар» деп айтпайды
Тұрнияз бенен Жаулының.
Байлық, билік өзінде
Байқонды, Себек, Жаңбырдың.
Бақ-дәулеті зор еді
Есембет, Қуат, Жаңбырдың.
Қайтарусыз тел өскен,
Перзент, дәулет тең өскен;
Зарлыменен кеңескен,
Дұшпанымен шенескен
Жәнібек деген ауылда
Артық жігіт болған жоқ
Есенқараның Төлештен.
Қатарынан малы асқан,
Салтанаты жарасқан
Тілеулі, Тәжібай, Жөлердің.
Байлығында өлшеу жоқ
Үмбет пенен Тұрақбай,
Шүрембайдай гөзелдің.
Үмбет пенен Шүрембай,
Қалиса менен Нәренбай,
Мырзалығы – секілді
Тасқынындай өзеннің.
Абыройы жақсы еді.
Мысаның ұлы Маханбет,
Жайлы соқыр дегеннің.
Ілгері еді өнері
Боранбайдай шебердің.
Сұлуын талай жасады
Бұғы мүйіз ақ ердің.
Танау, Достан буынды,
Қымбатын деңмент кемердің.
Артық еді қайраты,
Асып еді айбаты
Ершеген мен Байғұлдың.
Берекеті бар еді
Қожабек пен Сеңгірдің.
Салтанат пен Сауақат
Айтып тәмам болмайды
Тікейден туған төрт ұлдың.
Есеп саны болмады
Бұларға біткен мал-пұлдың.
Бекназар менен Қазақбай,
Қатарынан озыпты-ай.
Бұлайша демей, не дейін?!
Дұшпанға салды азапты-ай,
Нашарға берді азатты-ай.
Асыл киім киініп,
Мінгені – бедеу таза атты-ай.
Естіп едім қарттардан,
Артық жігіт болмаған
Қырғыз бенен қазақта-ай.
Болмаса да солардай,
Соларға жақын бар еді
Бекмағанбеттің Ұзақбай.
Бұларды толық мақтауға
Білім қайда тұрақты-ай?!
Масақ молда қадірлі –
Ұламасы көлемнің.
Бармағамбет, Нұрлыбай –
Ақсақалы көп елдің.
Нұрабай менен Жұмабай –
Қыран бүркіт шеңгелдім.
Айдаһардай айбаты
Қалиса, Қази, Көбеннің.
Білімі жақсы бар еді
Бәйші, Шағыр, Малбасты,
Жантілеу менен Төленнің.
Шешендікте қатар жоқ
Тұқымына Теңелдің.
Дауыл менен Қалабай
Шығарды түрін өнердің.
Мәжібай сұпы Бекен мен –Айнымайтын жеделдім.Кәріп-кәсер, осалға,Саясы түскен нашарғаБаймұрзада Әлденің.Жұмағазы, Қаула, Жұбатыр,Тілеген мен Көптілеу – Сардары еді бұл елдің.Қараш деген бұл ауыл –Көлеміндей ат төбелдің.Өтірік-өсек айтпаса,Дұшпан да таппас кем жерін.Сөйлесе аттай саулаған,Тура жолдан аумаған;Мал өсірген саудадан,Елді билеп, баураған;Ел дұшпанын жаулаған,Достың көңілін аулаған;Шаршы төрде аунаған,Бет біткенде көркем жоқЖұмағазы, Мақсым, Қаулыдан.Ділмағамбет тәуібім,Пайда қылған талай жан.Мұсылманға өзін танытқан,Харазымды жайлаған.Сөзді тәмам етейінҚараш деген ұлтымнан,Елтүзер, Жәдік жұртымнан,Арлы жерден бұлқынған.Қарулы жігіт аз едіКөрпебай мен Құрмантай,Жанаман мен Жылтырдан.Бұл Қараштың жігітіКүннен-күнге құлпырған,Мінген аты астында«Жібер, - деп, - басымды», ұмтылған.Кемшілігі, сірә ,жоқОйын-күлкі, сыңқылдан.Бұл Қарашта жоқ едіАузы алалық жыртылған.Жақсы адамдар бірнешеАйтылмай қалды ұмытылған.Айта берсем барлығын,Қағаздың бетін толтырған.Мін тапсаңыз мінез-құлқымнан,Бетке қатты айтпаңыз,Не десеңдер де сыртымнан.Екі айналып келмейдіСауық еткен күнімізЖүйрік аттай жұлқынған.Сөз сөйлейін Мұңалдан.Тобышқа жедел сыңардан;«Бекет!» деген ұраннан,Кіршігі жоқ қылаңнан,Алаштан асқан шығаннан.Сегіз арыс АдайдыТүгел айтпай, тына алман.Сөз аяғы жақын-ды,Қызыл тілім, жұмарлан.Тыңдаушылар табылса,Шығарайын құмардан.Төрт баласы Мұңалдың –Әли менен Бәйімбет,Жаулы, Шоғы бұлардан.Төрт арыс Мұңал болғалы,Жайлауына су алған,Қыстауына ну алған.Жігіттері МұңалдыңМейман келсе, қуанған,Мейманын шаймен суарған,Ақ сұңқар құстай қу алған.Асынғаны – қарудан,Мінгендері – бедеу ат,Жарыста жоқ қалудан.Ұлама ишан, сұпы көп,Сақтанған өте тамұқтан.Кереметті уәли көп,Басқан қадам дарыған.Ақ үй тігіп үстіне,Алғандары – арудан.Айтқыш, шешен жігіт көп,Сөзге ұста табудан.Айырып сөзді айталыӘли деген ауылдан.Жанғозы менен Абыздан,Айтқаны хатқа салынған.Абыз бенен Жанғозы –Атақты ауыл ертеден.Ақтылы мыңнан қой айдап,Желіге жүздеп нар байлап,Жылқы айдады бөртеден.Атын ұстап түсірді,Мейман келсе желкеден.Білімділер көп шықты,Жантоқа, Тоқал, Меңкеден.Арыстан биі МеңкеніңКем емес еді біліміСырым би менен Мөңкеден,Дұшпанның көзі өртеген.Сүйекбай мен ОралшаСөз сөйлеген кеңседен.Алқа ішіне барғанда,Боз жорға аттай теңселген.Түйебай мен Түйеші –Бұлар да халық иесі,Бұлардай болмақ қиын іс,Болса жігіт ой-есі.Түйеші мен ТүйебайданТабылған сөздің жүйесі.Өздеріндік бар едіҚас қылғанға киесі.Аталмай қалған жері жоқ,Деректі затты тиесі.Бұлар келген мәжілістеШешілген сөздің жүйесі.Түйеші мен Түйебай –Ақ сұңқар құстың ұядай;Ақылы терең қиядай,Тентекті түзеп, тияды-ай.Нашарларға жәрдемді,Қасталарға дәрмендіӘму, Сырдай құяды-ай.Айтатын адам табылса,Мақтауға бұлар сыяды-ай.Абыз деген атаңнан,Есеналы, Төлеке,Дербіс, Айдар, ЖапаннанБақытты адам көп шықты.Мінгендері – бедеу ат,Артқаны нар мен атаннан.Базардан асыл зат алған,Қама, құндыз, асыл зер,Мақпал, жібек шапаннан.Айдар, Жапан, Көшен би,Бұларды демейді «осал жан».Ерлік пенен биліккеБір адамдай жасалған.Аз емес еді білігіХазіреті НұхыныңЗаманындағы топаннан.Екіталай болғандаЖоқ еді жері мұқалған.Бұл Әлидің шешеніСөз бастаған алқадан.Байлары да көп еді,Көлігі – атан наршадан,Атан нары самсаған.Маңғыстауда қыс қыстап,Жайлау алған Арқадан.Азаматтары құралып,Ақсақалдың үйіненҚеңес алып тарқаған.Кербез жігіт көп еді,Кигені – жібек, қамқадан.Қыз-келіні сыланған,Бойлары биік аршадан.Шәй менен қант жеткендей,Келсе де мейман қаншадан.Палуан жігіт өткен жоқӘлидегі Балтадан.Құттыбай менен МырзаныңБалта барда халқы аман.Кигендері – көк етік,Мәс пенен кебіс күмістеп,Сөзі тәтті жемістен.Шандоз қатын, ақ боз үй,Салтанаты келіскен.Дәулетті жігіт көп еді,Айдар, Жапан, Дербістен.Төлекенің жігіттеріМырза атанды бергіштен.Балта палуан секілді,Арыстандай қайратты,Айдаһардай айбатты;Бедеу атты ойнатқан,Мойны сұлу қайратқан.Төре жігіт көп еді,Жегені – май мен қаймақтан.Кыз-келіннің таққаны –Өңіржиек, білезік,Қолда күміс оймақтан.Заманында өзініңҚуатты жігіт өткен жоқМырзадағы Аймақтан.Айтып болмай Адайды,Талабым жоқ тынудан.Сегіз арыс АдайдыңТәуірін әшкере қылудан.Ырысай менен Жәдігер,Райымберді, Сабытай –Төрт Бәйімбет болғалы,Мінген аты – құттыдан,Өзі жүйрік жұлқынған.Алған жары – сұлудан,Зер қаптаған бұрымнан,Меруерт таққан тұлымнан.Кигендері – үстінеМақпал, жібек құбылған.Жал менен жая – жегені,Сусыны – шәй мен қымыздан,Ажары аппақ уыздан.Машақат, қайғы, кесел жоқ,Тыныштық пенен тынудан.Ырысай менен Жәдігер,Іргесі аз болса да,Қадірлі елге бұлданған,Айтқаны көпке тыңдалған.Ажары, көркі нұрланған,Ақ найзасы қырланған.Кем емес еді ерлігіҚара Қыпшақ Қобланнан.Қабыл болса, кемі жоқСадақа, зекет құрбаннан.Ырысай деген бір ауыл,Лақабы болды Сарқасқа,Жігіттері марқасқа.Құтты болды іргесі,Көрші, қоңсы, жар досқа.Сарқасқада ОтарбайАтағы шыққан Алашқа.Қайсыбірін айтайын,Талай жігіт өтіптіОтарбайға жалғаса.Сарқасқа мен Жәдігер,Осылардан дүредіАсылзада нешелер.Бұл тұқымнан көп шықтыЖөн білетін көсем ер,Сөз бастайтын шешен ер,Бәле келмес есен ер.Тақуалар көп шықты,Ұйықтамайтын кешелер.Байлары да көп еді,Түрлі тағам табылған.Мейман келіп, жесе де,Достарына жасаулыПоднос, алтын кеселер.Палуандары бар еді,Алқаға келсе, белсенер.Айтып-айтып, тауыса алман,Жәдігер менен СарқасқаТұқымдары – өңшең ер.Мендей ғаріп құлыңнан,Кемшілік болса тілімнен,Ғафур Рахим,* кеше гөр!Райымберді, Сабытай,Түзу еді бағыты-ай.____________________*(غفور رحیم) «ғәфур рәһим» – жарылқаушы, мейірімді. Алланың екі көркем аты, сипаты.Байлаулы тұрған тұлпардай,Жоғары ұшқан шаңқылдап,Алғыр қыран сұңқардай.Алыстан келген дабысы-ай,Болаттай өткен жанысы-ай;Мінездің жоқ шалысы-ай,Бұлардың көп танысы-ай;Жоқ еді ашқа алысы-ай,Кеткен жоқ жауға намысы-ай.Жүйрігі көп алқада,Таусылмаған шабысы-ай.Жігіттен дәулет арылмас,Бақ қонып, Қыдыр дарыса-ай.Сабытайдан тыңдасаң,Медет, Жандай – екі ұлы.Бұл шамшырақтың фанысы-ай.Медет пенен ЖандайданБайлар шықты мал баққан,Бақыты аумаған маңдайдан.Ер жігіттер көп шықты,Табандары таймаған.Палуан жігіт көп шықты,Білегінің қуатыАтан менен нардай-ды.Ар жіберген жері жоқ,Болса да дұшпан қандайдан.Еңсеп тақтақ Медеттің,Бал тамызған таңдайдан.Қуаты асқан адам жоқЖалмағамбеттей палуаннан.Өткілбайдай би де өтті,Ақылы жанған шамдайдан.Кісіден ақын алады,Қыл суырған сарымайдан.Сән, тәрбие, салтанат,Айтып тәмам бола алмасБолған ауыл сондайдан.Санасақ, жақсы таусылмасБатыр менен Байболдан.Еш жерінде кемі жоқ,Түрлі құрал-сайманнан,Арыстандай айбардан.Ізбас, Тілек, Тәттімбет –Ақылы мол қайнардан,Адал ниет ойланған.Сақауаты* көп еді,Тасқан судай сайлардан.Кәсібінен пайда алған,Дерексіз қалған жері жоқНеше түрлі жайлардан.Пайдасы жоқ нәрсегеЖоқ еді жері айналған.Көрпе менен Боққара –Жандайдың екі баласы.Боққарадан дүредіСегізбай менен Сарболат,Байбоз, Жанбоз – төрт бала,«Бес Жандай» деп санадыСүгіралы деген біреуін.
Көргенім жоқ, қарттардан
Ұмытыппын бағзысын,
Естігенім қарттардан,
Сөзімде болар көп шала.
Сабытай деп алты арыс
Осылардың тұқымын
Айтса керек жұрт және.
Сөзімде көп қателік
Жаббар Кәрим, бол пана!
Көрпе менен Боққара,
Еткені – адал кәсіптен.
Кем болмады уақытында
Перзент, дәулет, нәсіптен.
Ұламалы құрметтен,
Насихаттар есіткен,
Ер жігіттер көп еді,
Жауды көрсе, өшіккен.
Би жігіттер көп еді,
Тілі тәтті шекерден.
Кербез жігіт көп еді,
Алма мойын ат мініп,
Мақпал, жібек киінген,
Зерлі қама ішіктен.
Мырзалары көп еді,
Күліп баққан бетіңе,
Мейман келсе есікке.
Байбоз, Жанбоз, Жандайдан,
Ауған, тәжікті аралап,
Оралып қайтты Тесіктен.Арлы жерде халықтыңБолған жоқ жері кешіккен.Ер-әйелдің мысалы –Үлгі алған секілдіЗылиха менен Жүсіптен.Бұл секілді ауылдан,Мұндай болған қауымнанМін табылсын нешіктен?!Санап айтсақ, таусылмас,Өтіп кеткен жақсыларБайбоз, Жанбоз, Қосбармақ,Байпақ пенен Күшіктен.Жандайдан бала екі еді,Екеудің бірі – Көрпе еді.Көп көсемі – серке еді,Қайтарусыз ерке еді.Үш Көрпе олар болғалы,Бұл да Адайдың көркі еді,Жігіті жомарт, мәрт еді.Бекмырза хажы КөрпеніңАрапада айт шалып,Зиярат етіп келіптіМедина менен Меккені.Көрпеден туған үш бала –Аралбай, Маңғыбай, Күйіктен,Қаттыны тастай иіткен.«Мейман тура келсін» деп,Үш арыс Көрпе болғалы,Артық еді қатардан,Ақ сақалдан бата алған.Мейман келсе, сый қылдыАт пенен асыл шапаннан,Ақ сирақ нар мен атаннан.Бәйімбеттің ішіндеБерекетті жігіт аз едіМеке менен Сақардан.Мырзалары КөрпеніңЖайылған көпке атақ-ты,Жамандықтан қашақ-ты.Хабары жеткен жігіт көпЖоғарылы, ашақты.*Үйді сәндеп жасатты,Үй ішіне жайдырыпЖібек кілем масатты,Мінді сәндеп қос атты.____________________*(آشاقتی) Т. – төменді«Жау бар» десе, қамданып,Асынды құрал жасақты.Ерлері өткен бұрынғыАсынған саржа масақты.Қайсыбірін айтайын,«Қапысы бар» деп айтпайдыЕртай менен Сапақты.Ажар көркі насатты,Алтын тоға, ақ сулық,Жібек жауып шашақты,Сұлы менен сүт беріп,Мінді жауға сай атты.Қожабай мен ҚұдабайСөзге шешен тілдері;Қатарынан ілгері,Халыққа жақсы білгені;Билігі көп ілмелі,Дәулеті көп күрделі.Қайыспайтын халықтыңҚашаннан құнан пілдері.Ару қатын – алғаны,Көзі раушан сүзбелі.Мінгендері – бедеу атОртқыған жорға жүрмелі.Үш арыс Көрпе болғалы,Молдасы көп ылымды,Билері көп білімді.Мырзалары көп қайырымды,Қоңсыға берсе сіңімді.Қатты айтпайтын сөздерін,Нашарға мінездері тынымды.Қой орнына сойғаны –Қонаққа тай мен құлын-ды.Бұлардың ісін көргенде,Дұшпандар жаннан түңілді.Үш арыс мынау КөрпеденЖігіттер шықты қажарлы-ай,Шариғаттан хабарлы-ай.Тұрмағанбет хазіретЖақсылардан саналды-ай.Қисықты тездей түзеткен,Сөздері дәрі аразға-ай.Есмағамбет шайыр бар,Айтқан сөзі бағалы-ай.Келдібай, Жомарт, ер ТөлепДұшпанына қадалды-ай.Қанат жайып досына,Тигізбеген залалды-ай,Есмағамбет шешенніңЕкіталай болғандаЖері жоқ қалған шаба алмай.Қырықмылтық ТекеніңАуылында айтысып,Молда Табын қалды дерек таба алмай.Шешендерге атақтыҚиын екен жеңілген.Табынның жүйрік молдасыҚалыпты сонда оралмай.Баянсыз фәни дүния,Солардан да өтіп, жоғалды-ай.Тұрмағанбет хазіретШаһарында ХиуаныңДәрісін еткен тәмамды-ай.Ақ шариғат жолмененАйырды адал-арамды-ай.Зәкіржанға қол беріп,Тағлымын және алды-ай.Жеті ілім сыйдырғанКөкірегі – қанардай,Ақылы – жарық фанардай.Мешіт салып, жай түзеп,Иман ислам үйретті. Сауатсыз өскен наданға-ай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу