Ыбырайым Құлбайұлы

Ыбырайым Құлбайұлы Қараш (1886, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы– 1982, Өзбекстан, Гагарин қаласы, Қараөзек қорымы) – ахун, шежіреші, халық ақыны.

Алғашқы діни сабақты ағайыны Медиман молдадан алған. Он төрт жасқа толғанша Қайырмұхамбетке, одан кейін екі жылдай Тұрғанбай ахунға шәкірт болды.
1912 жылы Хиуа қаласындағы муфтиат алқасының шешімімен ахундық дәрежеге ие болып, Байкүл мешітінде ұстаздық қызмет атқарады.
1930 жылы Жәйлі Мықтыбайұлы ұйымдастырған көштің құрамында Бесқалаға (Көне Үргеніш ауданы,Қызыл бәйге ауылы) көшіп барады. Барған жерінде тұрақтай алмай, 1937 жылы Ақтөбе облысы Байғанай ауылына қоныс аударады. Бірақ Қазақстанда дінге қысым жоғары болғандықтан, қайтадан Бесқалаға көшеді.
1959 – 1960 жылдары тың игеру жұмыстары басталғанда Мырзашөлге көшіп барып, Ержар станциясында (Өзбекстан) жұмысшы болады.
1968 жылы Орта Азия мұсылмандар діни басқармасына Ауғанстаннан келген делегация құрамында болған Маулани Сәйиф Мұхаммед Қараш Ыбырайымға Қазақстандағы ең білімді ахун деп баға берген.
1969 жылы Бейнеу қаласына көшеді, бірақ жарты жылдан кейін «бала сүндеттеді» деген айып тағылып, қайтадан Ержар станциясына көшуге мәжбүр болады.
1946 жылы 60 жасқа толғанда «Пайғамбар жасына жақындадым, енді һақ жолына өтемін» деп өзбек Абдрахман ишанға қол беріп, сопылық жол ұстанған. Ахунның екі әйелінен (үлкені –Шідер Батыш қызы, кішісі – әмеңгерлікке алған Назым Қарабайқызы), 18 бала (5 ұл, 13 қыз) сүйген. Бірақ балалары жастайынан шетіней берген, тірі қалғандары – ұлы Сматулла (оның 7 ұлы, 4 қызы бар) мен екі қызы Сындар мен Үмітуылған Ол «Алтынды орда қонған жер», «Шежіре-дастан», «Қараш тегі», «Дәнекер қажы» деген жинақтар жазды. Қараш Ыбырайым ахун 96 жасында қайтыс болды. Жаназа намазын Орта Азия мұсылмандар діни басқармасының (Ташкент қаласындағы) бас муфтиі шығарып, 2 мыңнан адам иманға ұйыды. 38 молда қатысып, марқұмның рухына бағыштап, Құран қа¬тым шығарды. Оның басына құлпытас қойылып, күйген кірпіштен кереге там салынды.
1995 жылы ахунның туған жері Байғанин ауданында марқұмның аруағына бағышталып республикалық деңгейде ас-жиын өткізілді.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: