Өлеңдер ✍️

  07.04.2021
  361


Автор: Мағжан Жұмабаев

Ес кірген соң

Бұртаң-бұртаң,
Жыртаң-жыртаң,
Ой, сезім жоқ көк есек.
Бұқа мойын,
Тұтам бойын
Көрмеген мен - көбелек.
Шіркін жастық,
Ессіз мастық,
He айла бар? Бетім-ау:
Жансыз жанды,
Сол соққанды,
Соны да сүйдім дедім-ау!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу