Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  97


Автор: Түрік поэзиясы

ЖАНАЙҚАЙ

Шетіне кеп тұрғандаймын жар, құздың,
Сенсіз қалдым, торуылдар бар құзғын.
Өтпей қойды кербезденіп уақыт та,
Жапан түзде қалып қойған жалғызбын.
Бір көрсем деп қиғаш, қара қасыңды,
Сипай алмай қалдым гүлзар шашыңды.
Ұмтылсам да, сүрте алмаймын, қайтейін,
Жүрегіме құйылған көз жасымды.
Жеткізбейсің көкжиектей, белестей,
Кеткендеймін ай менен күн теңеспей.
Жанарларым жəутеңдейді сені іздеп,
Бəрі құдды ертегідей, елестей.
Айдалада қалған жаным мұздады,
Гүлдерімді ұрды тағдыр ызғары.
Барам десем, бара алмаймын, қайтейін,
Құрғыр жүрек, жан жарасы сыздады.
Қанат сынып, қалдым енді ұша алмай,
Жалғыздық та көңіліме тұсаудай.
Бір тал шашың сабырымды сарықты,
Мен бір сорлы қалған сені құша алмай.
Ұмытасың, ізім менің қалмайды,
Сенің ғана қанаттарың талмайды.
Құлағың мен ернің, қолың болсам ғой,
Бірақ ондай құдіретім жоқ, болмайды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу