Өлеңдер ✍️

  07.10.2022
  193


Автор: Назым ХИКМЕТ

Сүй де өмірді, өмірді сыйла...

Сүй де өмірді, өмірді сыйла.
Өмірмен ойнау ағаттық.
Мысалы, тиін бұтақтарда ойнайды тұрмай тағат қып,
Барлық ісің ойыңды билеп, өмірмен жатсын шектесіп,
Ойлама, деп: «Өмірдің өзі бір ғана бізге сағаттық!»
Өмірді сыйла, аяла оны, дүниені топан басса да,
Қолыңды байлап, өзіңді айдап,
Апарып дарға асса да,
Өмірді сыйла, ақжелек пенен көзəйнек киіп
Отырсаң да бөлмеңде,
Адамдарды ойлап, санадан сол, ізеттік нұрын шашса да.
Адамды сыйла, өмірді ғана сыйлайтын,
Бағалайтын, даралайтын тағдырдан келген сыйды,
Түсініп барлық тұңғиықтағы өмірдің терең тылсымын.
Қартайып мүлдем, біткенше қаусап, бағалап оны қимайтын.
Жетпіске келіп жетсең де өзің,
Арзандатпа өмір бағасын,
Немерең емес, келешек үшін
Бағыңда ек зəйтүн ағашын.
Сұм ажалға қарғыс айтып,
Паш етіп мəңгі өмірді,
Өріне өмір өрлеумен дəйім
Жаз жаныңның жарасын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу