Бөлім: «Нақыл сөздер»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Адам өзге адамдар мен жағдайға неғұрлым наразы болып, өзiне риза болса, ол соғұрлым даналықтан алыс болады.
© Лев Толстой
Өзiңiздiң де, өзгенiң де сөзiне сенбеңiз, өзiңiздiң де, өзгенiң де iстерiне ғана сенiңiз.
© Лев Толстой
Ұнамсыз iстердi жасыру жақсы емес, бiрақ оларды ашық iстеп, мақтан тұту одан да жаман.
© Лев Толстой
Адамдармен қатынаста iзгiлiк мiндеттi нәрсе. Егер сен адамға қайырымды болмасаң, ашулы болсаң, оның бойында да ашу-ыза тудырасың.
© Лев Толстой
Өзiнiң ақымақтығын жасыра бiлетiн адам, өзiнiң даналығын көрсеткiсi келетiн кiсiден артық.
© Лев Толстой
Бiлмегендiк ұят та, зиян да емес. Ешкiм де бәрiн бiле алмайды, ал бiлмейтiндi бiлемiн деу ұят әрi зиян.
© Лев Толстой
Бiлмеуден қорықпа, жалған бiлiмнен сақтан. Дүниедегi бар жамандық осыдан басталады.
© Лев Толстой
Бiз даналықты үш жолмен үйренемiз: ойлану — ең iзгi жол; елiктеу — ең жеңiл жол; және үшiншi, тәжiрибе жолы — ең ауыр жол.
© Лев Толстой
Шын мейiрбандық әрдайым кiшiпейiл келедi. Кiшiпейiлдiлiктiң тартымдылығы, пайдалылығы сонша, кiшiпейiл болып көрiнгiсi келетiн адамдардың аздығы..
© Лев Толстой
Кiтаптардан көп нәрсенi бiлген адам — ғалым, өз уақытында ең көп тараған бiлiм мен әдiстердiң бәрiн үйренген адам — бiлiмдi, өз өмiрiнiң мағынасын..
© Лев Толстой
Өзеннiң арғы бетiнен тура осы тұсқа өтуiң керек болса, жоғарырақ ал. Сонда ғана ағыспен керектi тұсыңа барасың.
© Лев Толстой
Адамға ұлы, ерекше нәрсенi телуiң мұң екен — оны ұсқынсыз етесiң, ал өзiңе телiгенiң — өлгенiң.
© Лев Толстой
Билiк басындағы адамдар жұрт өзiнiң әрекетiнде тек зорлықты басшылыққа алады деп ойлайды, сондықтан қазiргi тәртiптi сақтау үшiн зорлықты батыл..
© Лев Толстой
Өзі жетісіп өмір сүріп, жоқшылық көріп отырған бауырынан безсе, ондай адамды Құдай сүйе ме?
© Лев Толстой