Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Әрбір таңның атысы мен кештің батысы – бізге берілген жаңа мүмкіндік, жаңа бастау!
©  Абдраманов Арсланбек
Жүрек тазалығымен, адал ниетпен әрекет ету – нағыз бақытқа жеткізетін жол!
©  Абдраманов Арсланбек
Өмірде әр кедергі бізге бір нәрсе үйретеді!
©  Абдраманов Арсланбек
Өмірдің әр дауылынан сабақ ал, себебі өмір – ең жақсы мұғалім!
©  Абдраманов Арсланбек
Өмірді мәнді ету әркімнің өз қолында!
©  Абдраманов Арсланбек
Басқан әрбір қадамыңыз ниетіңізден бастау алады!
©  Абдраманов Арсланбек
Сабырдың түпкі тереңінен бой алмасақ, өмірдегі сынақты қабылдай алмаймыз!
©  Абдраманов Арсланбек
Тек сізбен мәңгі өшпейтін, мәңгі жүретін нәрсе – игі іс!
©  Абдраманов Арсланбек
Өмір бір-ақ рет берілді, оны пайдалы істермен өткізу керек!
©  Абдраманов Арсланбек
Алла жолында жұмсалған уақыт ешқашан да текке кетпейді!
©  Абдраманов Арсланбек
Өмір біздің қалауымыздай бола бермейді, не берсе де шүкір ете біл!
©  Абдраманов Арсланбек
Саған аз болған нәрсе өзгелерге қымбат болуы мүмкін!
©  Абдраманов Арсланбек
Жақсы адамдар бақыт әкелсе, жаман адамдар тәжірибе әкеледі!
©  Абдраманов Арсланбек
Тым жаман адамдар сенбеуге сабақ берсе, кереметтері ұмытылмас естелік сыйлайды!
©  Абдраманов Арсланбек
Шүкір ет тірі болғаның үшін, шүкір ет тыныштығыңа!
©  Абдраманов Арсланбек
Жақсыдай болуға емес, одан озуға ұмтыл!
©  Абдраманов Арсланбек
Алғың келсе, бере біл! Бере білген адам ешқашан да ұтылмайды!
©  Абдраманов Арсланбек
Жақсы құрмет сұрама, құрметтейтіндей іс жаса!
©  Абдраманов Арсланбек
Өмір бір-ақ рет берілді, сондықтан неге оны пайдалы істермен өткізбеске?!
©  Абдраманов Арсланбек
Тірі тұрғанда жақсы болу кеш емес!
©  Абдраманов Арсланбек
Шүкір деген – қандай жағдай болса да разы болу!
©  Абдраманов Арсланбек
Менменсініп шіренбе, жай ғана Аллаға шүкір де!
©  Абдраманов Арсланбек
Өмірді көрмей суайттанбай құры әрі кет!
©  Абдраманов Арсланбек
 ​Ойлаған жақсы ісін ертеңге қалдырған – наданның ісі!
©  Абдраманов Арсланбек
Ісін соңына дейін жеткізіп, өзінен төменді менсінбесе – адал ісі де ақыретте пайдасыз!
©  Абдраманов Арсланбек