Бөлім: «Нақыл сөздер»
Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Біз мультфильмдерді ақша табу үшін жасамаймыз, біз мультфильм жасау үшін ақша табамыз
© Уолт Дисней
Жоспар жасай беруге немесе әлемдегі ең ғажайып жерді түзуге болады. Бірақ арманды ақиқатқа айналдыру үшін адам қажет.
© Уолт Дисней
Әлдекімнен көмек күтіп не басқа бір сәтті тосып отырсақ, өзгеріс өздігінен келмейді. Өзімізді ғана күту керек. Өзгеріс деген – мына өзіміз.
© Барак Обама
Қазір компьютер алдында отыра беретін заман емес, балаға көп көңіл бөлу керек.
© Барак Обама
Егер сіз дұрыс жолмен келе жатсаңыз әрі осы жолмен жүре берсеңіз, соңында сәттілікке жетесіз.
© Барак Обама
Табиғаттың қатесін түзеткім келеді - тауы жоқ елдерге тау үлестіргім келеді.
© Мұзафар Әлімбаев
Кеңістік пен уақытты,
Жеңген қандай бақытты.
Заман соған соғады,
Даңқ деген тақытты.
© Мұзафар Әлімбаев
Жеңген қандай бақытты.
Заман соған соғады,
Даңқ деген тақытты.
Ана тілі
Ананың құнар сүті ғой,
Ғұмыр бойы сен еметін.
Ана тілі
Халқыңның ырыс-құты ғой,
Игілігіңе кенелетін.
© Мұзафар Әлімбаев
Ананың құнар сүті ғой,
Ғұмыр бойы сен еметін.
Ана тілі
Халқыңның ырыс-құты ғой,
Игілігіңе кенелетін.