Бөлім: «Нақыл сөздер»

Қазақша қанатты, нақыл, ұлағатты сөздер мен афоризмдер жинағы
Бақыт – мінсіз адамда емес, түсіністікте.
©  Гүлсім Сатыбалды
Адал емес ақша – береке емес, сынақ.
©  Гүлсім Сатыбалды
Ер адам өзгермейді деме, оны өзгертетін орта мен әйел бар.
©  Гүлсім Сатыбалды
Әйелдің ең үлкен күші – айқай емес, сабыр.
©  Гүлсім Сатыбалды
Кейде отбасыны сақтап қалу үшін жеңу емес, түсіну керек.
©  Гүлсім Сатыбалды
«Ісің дұрыс болса – жолың ашық болады.»— Шығыс нақылы
«Әлем – айна: не берсең, соны аласың.»— Батыс нақылы
«Ойың, сөзің, ісің – бәрі саған қайта оралады.»— Буддистік нақыл
«Әр әрекеттің өз салдары бар.»— Буддистік нақыл
Жаманнан өзіңді ұлы санама, сүрінуден сабақ ал!
©  Абдраманов Арсланбек
Өмір – сүт пісірім уақыт қана! Сүтке қарап отырмасаң, ол тасып кетеді! 
©  Абдраманов Арсланбек
Бізді адам ететін – өмір үшін күрес! 
©  Абдраманов Арсланбек
Сабырдың түпкі тереңнен бой алмасақ, өмірдегі кез келген сынақты қабылдай алмас та едік! 
©  Абдраманов Арсланбек
​Бақытты болу үшін ниеттің түзулігі мен жүректің тазалығы керек! 
©  Абдраманов Арсланбек
Ниет қылған адамға қашанда уақыт табылар! 
©  Абдраманов Арсланбек
Қателік кешіріледі әрқашан, бірақ ұмытылмайды ешқашан! 
©  Абдраманов Арсланбек
Жақсыдай болуға емес, одан озуға ұмтыл! 
©  Абдраманов Арсланбек
Ішіміздегі аңды жеңу арқылы ғана бақытты боламыз! 
©  Абдраманов Арсланбек
​Адам болам десең, өзіңнен баста! 
©  Абдраманов Арсланбек
​Алғың келсе, бере біл! Бере білген адам ешқашан да ұтылмайды! 
©  Абдраманов Арсланбек
Жақсы құрмет сұрама, құрметтейтіндей іс жаса! 
©  Абдраманов Арсланбек
​Өз бақытына уақыт таба білсе, уақыт та оған бақытты табады! 
©  Абдраманов Арсланбек
Уақытты қалай өлтіремін деп ойлап отырғанда, уақыт сені жайлап өлтіруде! 
©  Абдраманов Арсланбек
Адам бұл жалғанның қонағы: өседі, өнеді, қайтадан топыраққа сіңеді! 
©  Абдраманов Арсланбек
Өмір бір-ақ рет берілді, сондықтан неге оны пайдалы істермен өткізбеске?! 
©  Абдраманов Арсланбек