Алғыс айту туралы Тақпақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 4
Тақпақтар: 81
Өлеңдер: 35
Құттықтау, тілектер: 61
Баталар: 23
Әңгімелер: 3
Шығармалар: 11
Эсселер: 10

Балабақша ұстаздарына алғыс айту
Ойыншық та, кесе де, Шанышқы мен тәрелке Орындық, шкаф, төсекте Бәрі өзі келе ме? Соның бәрін табатын Шаршамайтын күлетін Зыр жүгіріп жүретін,Зоя..
Балабақша ұстаздарына алғыс айту
Бақшамыздың тірегіҰлы-қызы сүйедіГүлдендірген бақшаныМеңгеруші апай жақсы адамСондықтан да біз үшінАртықсыз сіз басқаданРаиса Карагуловнаға мың алғыс!
Балабақша ұстаздарына алғыс айту
Ұстаздардың ұстазыТәрбиенің ұстасыМеңгеруші апайғаЫрза әке шешедеБізде мұнда әрдайымБәрі бәрі дап-дайынҚамымызды ойлағанРоза Қорғанбайқызына мың..
©  Алғыс айту күні
Жарқырасын жаныңыз!
Жарқырасын, жаныңыз, Гүлдей жайнап бағыңыз! Айтарым тек мың алғыс, Атсын сәтті таңыңыз!
©  Алғыс айту күні
Рахметім көп менің!
Рахметім көп менің, Сыныптастар, достарым! Мың алғыс айтам, жасай түс, Ашық болып аспаның!
©  Алғыс айту күні
Рахмет, алғыс айтарым!
Рахмет алғыс, айтарым, Ағайын, туыс бауырға! Рахмет игі жақсылар, Жаны жайсаң қауымға!
©  Алғыс айту күні
Рахмет, Әке өзіңе!
Рахмет, Әке өзіңе, Өсірдің баптап, жетелеп! Рахмет Ана өзіңе, Жүрмін сізге еркелеп! Мың алғыс айтам сіздерге, Адамсыздар ең керек!
©  Алғыс айту күні
Рахмет көрші, достарға!
Рахмет, көрші достарға, Табылатын қасымнан! Мың алғыс айтам сендерге, Жаралған жан, асылдан!
©  Алғыс айту күні
Рахмет, Ұстаз анаға!
Рахмет ұстаз анаға, Үйрететін білімін! Рахмет ұстаз әкеге, Биіктетер тұғырын!
©  Алғыс айту күні
Рахмет, Жаттықтырушыға
Жаттықтырушыға, рахмет, Үйрететін тәлімін! Мың алғыс барша адамға, Еңбегі көп бәрінің!
©  Алғыс айту күні
Рахмет Қарындасыма
Рахмет Қарындасыма, Еркелейтін қасымда! Рахмет бауырларыма, Болар әркез осында!
©  Алғыс айту күні
Бірінші наурыз күнімен!
Құттықтаймын сіздерді, Алғыс айту күнімен! Рахмет барша, асылдар, Сусындатар біліммен!
©  Алғыс айту күні
Алғыс айту күнінде
Алғыс айту күнінде, Жадырасын жанымыз. Мың алғыс игі жандарым, Жоғалмасын сәніміз!
©  Алғыс айту күні
Алғыс айту күнімен!
Құттықтаймын сіздерді,Алғыс айту күнімен! Жаны жайсаң Қазағым, Нұр кетпесін жүзіңнен!
©  Алғыс айту күні
Мың алғыс сізге, Анашым!
Мың алғыс сізге, Анашым, Бар жақсыны бересіз. Мейіріммен аялап, Мені жақсы көресіз!
©  Алғыс айту күні
Мың алғыс саған Жаратқан!
Мың алғыс саған, Жаратқан, Өмір бердің біздерге! Шуағын шашты әр ақ таң, Саулық беріп ізгі елге!
©  Алғыс айту күні
Ұстазыма алғыс
Ұстазым деп мақтанамын өмірде,Ұстазым мен шаттанамын бүгін де.Алғыс айтам басымды иіп кәзір де,Ақ дидарлы ұстазымның бәріне
1 Наурыз – Алғыс айту күніне балаларға арналған тақпақтар жинағы
1) Алғыс айту күніменАлғыс айту күнімен, Құттықтаймын сіздерді. Жаратқанға мың алғыс, Аман еткен біздерді.2) Құтты болсын бүгінгіҚұтты болсын..
©  Жібек Ысқақова
Алғыс айтам сіздерге
Ағайын, туыс, бауырлар, Алғысым көп сіздерге. Жаратқаным жар болып, Жақсы күп берсін біздерге.
©  Алғыс айту күні
Алғыс айту күн осы
Алғыс айту күн осы, Рахметті жаудырып. Жүректен алғыс айтайық, Барша адамды таң қылып.
©  Алғыс айту күні
Мың алғыс саған
Мың алғыс саған, мың алғыс, Рахмет көп, алғыстар. Жан дүниені байытар, Көбейе түссін алғыстар.
©  Алғыс айту күні
Алғыс айту күнінде
Алғыс айту күнінде, Әнді бірге салайық. Алғыс айтып, риза боп, Жұлдыздайын жанайық.
©  Алғыс айту күні
Алғыс айтар күн осы
Татуласып араздар,Алғыс айтар күн осы. Бірінші наурыз ерекше, Ынтымақ артар күн осы.
©  Алғыс айту күні
Алғыс айту күнінде
Алғыс айту күнінде,Араздықтар болмасын.Жаратқаным жар болып,Сыйластықтар орнасын.
©  Алғыс айту күні
Алғыс айту күні бұл
Алғыс айту күні бұл,Бірінші наурыз кеп жеткен.Араздықтар жойылар,Самал жел кеп тербеткен.
©  Алғыс айту күні