Бөлім: «Тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
СҰЛТАН
«С»-дан бастап оқысаң,Ел ағасы сұлтанмын.«Ұ»-дан бастап оқысаң,Табандағы ұлтанмын.Болғанша өзге ел сұлтаны,Бол еліңнің ұлтаны.
©  Құл-Керім Елемес
Наурыз көже
Наурыз айы – жыл басы,Тұнып тұрған береке,Ай туғанда жылда осы,Біздің елде мереке.Жұрттың тасып жігері,Бір-бірімен жүздесіп,Ет, су, қатық..
©  Құл-Керім Елемес
АНА ТІЛІ
Дүниенің кілтін ашар ана тіліңТіліңмен бойға сіңер барлық білім.Мән берген өз тіліне әрбір кісі,Жоймай ма бойындағы ол қылығын.
©  Абдулмахмуд Пошатаев
Түнгі аспан
Терең ойға шомып ай,Отырғандай асқарда.Жұлдыздардың көбін-ай,Жымыңдайды аспанда.
©  Асқаржан Сәрсеков
Күзгі көрініс
Күздің салқын самалыАймалайды маңдайдан.Алып қашып барадыЖапырақты сарғайған.Тыныстаған ырғалыпБақ-бау қандай, гүл қандай?Сары қыздар..
©  Асқаржан Сәрсеков
Кішкентай батыр
Талдан қылыш жонып алды,Ағаш атқа қонып алды.Қалқан қылып дәу қақпақты,Болдың нағыз Қобыланды.
©  Асқаржан Сәрсеков
Омонимдер
Қас батыр аттыЖауына шапты.Біреуін атты,Біреуін шапты.Қашқанын түйреп,Сасқанын сүйреп.Жыртқызып жеңді,Ақыры жеңді.
©  Асқаржан Сәрсеков
Түлкі
Қалың орман, ну орман,Түлкі деген қу болар.Тауықтарды жеп кетсе,Ата, үлкен шу болар.Сондықтан да дұрысы,Атып алған оң болар.Тауықтарға тыныштық,Маған..
©  Асқаржан Сәрсеков
Бұршақта
Жауды бұршақ тасырлап,Шатырлардан секірді.Тойға келген асыр сапБір топ бала секілді.Өңкей майда мұз моншақ,Аппақ-аппақ, қап-қатты.Мәз-мейрамбыз біз..
©  Асқаржан Сәрсеков
Ер жауынгер ағалар
«Балғын бөбек, балаларБолсыншы, – деп, – көңілді»,Ер жауынгер ағаларКүзетеді өмірді.«Гүлдер тұнып сүйкімдіТұрсын, – дейді, – бақтарда».Күзетеді..
©  Асқаржан Сәрсеков
Көбелек
Мен тимеймін, жасқанба,Дос болайық, көбелек.Жайнап тұрған бақшамдаГүлдерімді көре кет.Тұтқиылдан састыра,Жаңбыр жауса себелеп,Тақиямның астынаТығыла..
©  Асқаржан Сәрсеков
Тымақ пен құлақ
Қандай әйбат тымағың,Киіп алғын, шырағым.Суық екен мына күн,Үсіп қалар құлағың.Үсіп қалса құлағың,Түсіп қалар, шырағым.– Құлағы жоқ мынау кім? –Деп..
©  Асқаржан Сәрсеков
Ақылды күшік
Тақиясын ұшырып,Жел інімді жылатты.Ал бірақ та күшігіӘкеп беріп жұбатты.
©  Асқаржан Сәрсеков
Мысықтың айласы
– Мияу, мияу, мияу, – деп,Аш Мысық жүр бұралып.– Зәлім Мысық мынау! – деп,Тышқан танып тұр анық.Шығар емес інінен,Жатыр бұғып жай ғана.Алдайын деп..
©  Асқаржан Сәрсеков
Туған елдің ұлымын
Аспанымдай мөлдірмін,Жайлауымдай жазықпын.Өзенімдей өршілмін,Гүлдерімдей нәзікпін.Қуат алған өзіненТуған елдің ұлымын.Бақытты етіп өсіргенОтанымның..
©  Асқаржан Сәрсеков
Мерейтойы ақынның
Мұқағали мұңын шаққан тегін бе?!«Фаризажан, Фариза қыз...» Елуде!Сыр бойынан,Атыраудан,АлтайданАқ шағала — ақ тілектер келуде!Қыз намысын жанын салып..
©  Бейсебай Кірісбаев
Ақыл
Тасбақаға«Білімді»Шыбын қатты күйінді:– Сүйрей беріп қайтесің,–Таста,– деді,– үйіңді!
©  Бейсебай Кірісбаев
Су жүрек
Ел жатарда жай ғанаШықты сыртқа Айбала.Самал ескен әдеміБір керемет шақ еді.Бақта құстар шу етті,Жүрегі оның зу етті.Кенет есек ақырып,Қоя берді ол..
©  Бейсебай Кірісбаев
Шырпы
Қырсық еді Пәзілбек:«Білем бәрін өзім!»– деп,Көнбей шеше ырқына,Әуес болды шырпыға.Қолын да ол күйдірді,Тонын да ол күйдірді.Шырпыменен..
©  Бейсебай Кірісбаев
Сабын жыры
Кір қуамын, кір қуамын,Бар ма салақ құрбыларың?Үсті-басы, реңіненКір екенін білемін мен.Саусағынан, білегіненКір екенін білемін мен.Кір қуамын, кір..
©  Бейсебай Кірісбаев
Балға
Таңдап алған ыңғайлыБалғам мені тыңдайды.Күнде бір уақ қолға алып,Бұлшық етті шыңдаймын.Балғам істің әрдайымТалғамайды қандайын.Босап қалса..
©  Бейсебай Кірісбаев
Тілек
Шөліркемей гүл тұрсын,Жерім жайнап құлпырсын.Нұрын сыйлап біздерге,Көкте мәңгі Күн тұрсын.Ортақ бізге туыстық,Нұр сыйлаған Күн ыстық,Ыстық бізге кең..
©  Бейсебай Кірісбаев
Аппақ бақбақ
Көрдім мың-мың бақбақты,Бақ ішіне қаптапты.Аппақ ұлпа тұр ұнап,Кенет бірін жұлып ап,Жетпейтіндей батылым,Үрледім мен ақырын.Ұшты ұлпалар..
©  Бейсебай Кірісбаев
Құлын және мен
Сен даланың «тентегісің»,Құлдыраған ерке құлын.Тыңдап өскен ертегісінМен де анамның «тентегімін».Шарлатасың қырды бүгін,Ары шауып, бері шауып.Ей..
©  Бейсебай Кірісбаев
Жау, жаңбыр!
Жауа берші, жау, жаңбыр,Дала көркін жандандыр!Жауа берші, жау, жаңбыр,Қаулап өссін алуан гүл!Жауа берші, жау, жаңбыр,Әрбір тамшың – тамған нұр!Әрбір..
©  Бейсебай Кірісбаев