![]() |
|
![]() |
Әріптер туралы Тақпақтар ✍️
Мақал-мәтелдер: 9
Жұмбақтар: 33
Тақпақтар: 10
Өлеңдер: 5
Сенен оқып, бастадым
Сенен оқып, бастадым, Әріптерді жаңадан. Бастауышым рахмет, Түлеп ұшар бар адам. Жібек Искакова
— Жібек Ысқақова
ТОН
«Т»-дан бастап оқысаң,Киетұғын тон болам.«О»-дан бастап оқысаң,Сан түріндегі он болам.Кисең-дағы тон жаман,Алдан көрін он қадам.
— Құл-Керім Елемес
ШАҚ
«Ш»-дан бастап оқысаң,Дәп-дәлдегі шақ болам.«А»-дан бастап оқысаң,Түстің түрі ақ болам.Дәл шақтап ки киімді,Ақтап ұста үйіңді.
— Құл-Керім Елемес
БІЛІМ
«Б»-дан бастап оқысаң,Білім болам алатын.«І»-ден бастап оқысаң,Артқа іліммін қалатын.Жақсы білім алғаның,Артқа ілім боп қалғаның.
— Құл-Керім Елемес
ТЕҢ
«Т»-дан бастап оқысаң,Атқа теңдер тең болам.«Е»-ден бастап оқысаң,Кереметтегі ең болам.Ел теңдігі һәм тағы,Теңдік белгі мен болам.Келсе мықты ең..
— Құл-Керім Елемес
АБАЙ
«А»-дан бастап оқысаң,Абай атаң атымын.«Б»-дан бастап оқысаң,Бай болам, бар асылым.Абайлатам тағы даТалай істі жасырын.Ұқсау үшін Абайға,Алды-артыңды..
— Құл-Керім Елемес
БАҚША
«Б»-дан бастап оқысаң,Жұрт серуендер бақшамын.«А»-дан бастап оқысаң,Ел ырысы – ақшамын.Алып билет ақшаға,Кірген жақсы бақшаға.
— Құл-Керім Елемес
САБАҚ
«С»-дан бастап оқысаң,Оқитұғын сабақпын.«Б»-дан бастап оқысаң,Ру аты Абақпын.Қасқыр аулар үй, білгінЕскі мәні Абақтың.Білдің мәнін Абақтың,Жақсы оқы..
— Құл-Керім Елемес
СҰЛТАН
«С»-дан бастап оқысаң,Ел ағасы сұлтанмын.«Ұ»-дан бастап оқысаң,Табандағы ұлтанмын.Болғанша өзге ел сұлтаны,Бол еліңнің ұлтаны.