Бөлім: «Жұмбақтар»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Шыр айналып көпiрiп,Кiрiңдi берер кетiрiп.(Кiр жуатын машина)
©  Ескен Елубаев
Қатар-қатар түйме,Бассаң салар күйге.(Гармонь)
©  Ескен Елубаев
Тас тасқа шағылды,Одан от жағылды.(Шақпақ тас)
©  Ескен Елубаев
Темiр қалып,Iшi толған əрiп.(Жазу машинкасы)
©  Ескен Елубаев
Астына шоқ қаладым,Үстiне шоқ қаладым,Iшiнде пiсер тамағым.(Таба)
©  Ескен Елубаев
Қалтамда жатыр, тiсi бар,Тiстемей-ақ iстер iсi бар.(Тарақ)
©  Ескен Елубаев
Орана бередi, орана бередi,Оранған сайын көлемi молая бередi..(Жiп орамы)
©  Ескен Елубаев
Адасқанда ал қолыңа,Бағыт берер ол жолыңа.(Компас)
©  Ескен Елубаев
Шiк түстi,Бүк түстi.Алшы тұрды,Тəйке тұрды,Омпа тұрды.Шеше аладыАл кiм мұны?(Асық)
©  Ескен Елубаев
Зулап түсiп төменге,Шықпас менсiз төбеге.(Шана)
©  Ескен Елубаев
Жеке өзiн жей алмайсың,Онсыз асты да аузыңа салмайсың.(Тұз)
©  Ескен Елубаев
Iшiн желмен толтырдым,Қуалап жүрiп болдырдым.(Доп)
©  Ескен Елубаев
Табанға тақтым,Жалпаң қақтым,Зырлап бақтым.(Коньки)
©  Ескен Елубаев
Төгiлiп жерге ақ моншақ,Ғайып болды сол шақта-ақ.(Бұршақ)
©  Ескен Елубаев
Су көтерiп жүрiп келем,Өзiм бiреуге мiнiп келем.(Иiнағаш)
©  Ескен Елубаев
Ағайынды бəрi:Шықса – көк,Түссе – сары.(Жапырақтар)
©  Ескен Елубаев
Жана-жана түнде,Таусылды ол мүлде.(Шырақ)
©  Ескен Елубаев
Алты қырлы,Бiр сырлы.(Қарындаш)
©  Ескен Елубаев
Көк ала костюм киеді,Күн көзін сүйеді. Жауабы: қарбыз
Тігіп алып көк шалбар,Қызылкүрең доп жатыр Жауабы: қызылша
Доп жатыр жемісі бар,Қабат - қабат терісі бар.Жауабы: орамжапырақ
Көкпеңбек еді көктемде,Ортасы сүйек Жауабы: өрік
 Іші тәттіҚызарды күз жеткенде Жауабы: алма
 Жап - жасыл, сопақ дақыл жерде жатыр,Дер кезінде жинамасаң, сарғайып кетер батыр. Жауабы: қияр
Көктемде тонатқа себеміз,Өнімін зауыттарға береміз.Домалақ дақылдың ағарып,Қант болып шыққанын көреміз.Ол не?---- Қызылша