Жазу туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 3
Мақал-мәтелдер: 2
Жұмбақтар: 7
Өлеңдер: 57
Нақыл сөздер: 21
Әңгімелер: 7
Анекдот, әзілдер: 1
Эсселер: 2

Темiр қалып,Iшi толған əрiп.(Жазу машинкасы)
©  Ескен Елубаев
Ақ жерде қара тары,
Кім шашса сол орады.
Ақ тақырда қара тұқым себілген,
О тұқымнан білім дәні егілген.
Ақ тақырда қара дән,
Қолмен сеуіп, сөзбен көр.
Бір жанды бір жансызға мінгеседі,
Жүгіріп әр жерлерден із кеседі,
Тоқтамай жолдан жолды іздеп жүріп,
Ойлаған бір орынға кездеседі.
Жаны жоқ, бірақ ізі бар,
Жетектеп өзің жүресің.
Сол ізді қайта зерттеп кеп,
Көп нәрсені білесің.
Аппақ, аппақ ақ таңдай,
Жарқырап айдын жапқандай.
Алыстан келген тырналар
Тізіліп қонып жатңандай.