Коньки туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Жұмбақтар: 7
Тақпақтар: 2
Өлеңдер: 1
Жаңылтпаштар: 1
Әңгімелер: 1

Табанға тақтым,Жалпаң қақтым,Зырлап бақтым.(Коньки)
©  Ескен Елубаев
Табанға қанжар байладым,Бетінде айна ойнадым.(Коньки)
Мұз айдында тайғанақ,Жарысқандар сырғанап.(Конькиші)
Нәзік белі бұралған,
Ұшы біздей қадалған.
Қар үстінде жорғалап,
Басқан ізін бояған.

Жауабы: Коньки
Табанға қанжар байладым,
Бетінде айна ойнадым.

Жауабы: Коньки
Қыс айында мұз айдында,
Жүгіріп зыр қағады.
Бір адамды екеу ара,
Көтеріп ап барады.
Аяқтарым қалтылдап,
Қос тай міндім жалтылдақ..
Шапса, жұбын жазбайды,
Бір-бірінен озбайды.