Бөлім: «Жұмбақтар»
Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.

Отыз екi мықтыҚаз-қатар боп шықты.Он алтысы асты,Он алтысы үстi.Бiрлеп шықты,Бiрлеп түстi.(Отыз екi тiс)
© Ескен Елубаев
Көлiк десем – күлкi емес,Жегiлетiн жылқы емес.Тундрада талайыСүйретiп жүр шананы.(Иттер)
© Ескен Елубаев
Бiр-ақ тұтам бойына,Бес қаруын асыпты:Шанышқысын, ашқышын,Тескiш, пышақ, қасықты.(Бесаспап бəкi)
© Ескен Елубаев
Дейдi: «жаяу жүрмен!»Атқа бұрын мiнген,Өзiңнен кейiн түскен,Мұндайын кiм бiлген?(Ер-тоқым)
© Ескен Елубаев
Құлағында – құлағым,Аузына тақау ауызым.Күнде естiп тұрамын,Жолдасымның дауысын.(Телефон)
© Ескен Елубаев
Атасы – сал,Əкесi қозғаладыОрынынан зорға,Ағасы – шабан,Өзi – жорға.Iнiсi – жылдам,Баласы – жүйрiк,Зымырап тұрған.(Жыл, ай, күн, сағат, минут, секунд)
© Ескен Елубаев
Қара табақ,Қара табақ айналады,Күй тартады,Əн салады,Думандатып айналаны!(Күй табағы)
© Ескен Елубаев