Сағат туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Басқа: 1
Мақал-мәтелдер: 2
Жұмбақтар: 48
Тақпақтар: 5
Өлеңдер: 56
Жаңылтпаштар: 1
Нақыл сөздер: 9
Әңгімелер: 5
Анекдот, әзілдер: 1

Атасы – сал,Əкесi қозғаладыОрынынан зорға,Ағасы – шабан,Өзi – жорға.Iнiсi – жылдам,Баласы – жүйрiк,Зымырап тұрған.(Жыл, ай, күн, сағат, минут, секунд)
©  Ескен Елубаев
Бір емес,Екі тілі бар.Уақытыңды белгілейді тынығар.(Сағат)
©  Кеңесжан Шалқарұлы
А қаласынан сағат 8:00-де ұшқан ұшақ Б қаласына қонғанда сағат 10:00 болады. Сол ұшақ Б қаласынан сағат 14:00-де ұшып, А қаласына қонғанда сағат..
©  Логикалық сұрақтар
3 Аңшы 3 сағатта 3 үйрек аулай алатын болса, 9 аңшының 9 үйректі аулай алуы үшін қанша сағат керек? жауабы -3 сағат  
©  Логикалық сұрақтар
2 адам шахматты 2 сағатта ойнаса, 1 адам неше сағат ойнайды?  жауабы:2 сағат ойнайды
©  Логикалық сұрақтар
Күні - түні ояу,Шаршамайсың сол-ау. (Сағат)
Бұралса болды құлағы,
Уақытты қуады.

Жауабы: Сағат
Дәрігер 3 дәрі беріп мұны жарты сағат сайын ішу керектігін айтады. Осы үш дәріні ішіп бітіруге қанша уақыт кетеді?

Жауабы: 1,5 сағат десеңіз..
Өзінен-өзі айналған бір диірмен,
Көрінеді әр парасы бір бүйірден.
Қылдан нәзік ішінде бір жібі бар,
Қолы епті екен шіркін-ай, кім..
Қабырғадан қарап тұр,
Уақытты санап тұр.

Жауабы: Сағат
Тар шеңберді айналып,
Тұр қазықта байланып.
Қаға берер таңдайды
Әдетінен танбайды.

Жауабы: Қабырға сағат
Үш тілі бар,
Тықылдаған үні бар

Жауабы: Сағат
Қозғалмастан бір елі,
Түні бойы жүреді.

Жауабы: Сағат
Уақытты өлшеп, санап,
Таппайды бір тағат.
Бұл не сонда?…

Жауабы: Сағат
Үш тілі тақылдап,
Жаңылмайтын ақылды-ақ.

Жауабы: Сағат
Бұрасаң тетігін,
Соғады жүрегі,
Өлшемін түн мен күн,
Әркім-ақ біледі.

Жауабы: Сағат
Денесі бар, сөзі жоқ,
Аяғы жоқ жүреді.
Күнді, түнді өлшейді,
Екі тілді жүрегі
Шешуін кім біледі?

Жауабы: Сағат
Сырт-сырт етіп соғады,
Кеудесінде жүрегі,
Өзі тілсіз сөйлейді,
Өзі жансыз жүреді.

Жауабы: Сағат
Жүруден бір талмайтын,
Күн мен түннен қалмайтын.

Жауабы: Сағат
Жаңылмайды есептен,
Аяғы жоқ жүреді.
Сөйлейтұғын тілі жоқ,
Уақытыңды біледі.
Күндіз-түні жүргенмен,
Қызымайды жүрегі,
Су ішіп, жем..
Дөңгелек аяғымен жер баспайды,
Жерінен уағдалы адаспайды.
Білімді қанша адам болса-дағы,
Бір адам біліміне таласпайды.

Жауабы: Сағат
Екі тілді балғалы,
Арқаны бар мойнында.
Арқандамай бос қойсаң,
Жүрмей қалу ойында.
Сұрасаң онан сөйлесіп,
Сөйлеп жауап бермейді,
Қарасаң бетіне..
Бір жансыз жолбарыс бар екі тілді,
Байлаған екі шынжыр мықтап мұны,
Жүрісі бір шақта әм тұрысы,
Дауыстап уақытымен шығады үні.
Айтылар шаян, отыз..
Бір көл бар он екі қаз жайлаған,
Ішінде екі тырна айқайлаған.
Тырнаның біреуі - би, біреуі - хан,
Ішінде жалғыз үйрек той тойлаған.

Жауабы:..
Бір жансыз жолбарыс бар екі тілді,
Байланған шынжырымен мәкемені.
Он екі көз, алпыс өлшемі бар,
Жүгірер дамыл таппай күндіз-түні.

Жауабы: Сағат