Көлеңке туралы Жұмбақтар ✍️

Ілмек бойынша іздеу:

Мақал-мәтелдер: 11
Жұмбақтар: 5
Тақпақтар: 1
Өлеңдер: 67
Нақыл сөздер: 10
Туындылар: 1
Әңгімелер: 11
Ертегілер: 1
Поэмалар: 1
Эсселер: 1

Күндіз сен бола аладыТүнде жоғалады.(Көлеңке)
©  Серікбай Оспанов
Бұл қызықты қараңдар,Күн жоқта жоқ,Күн барда бар.(Көлеңке)
©  Ескен Елубаев
Алам аяқ, алам аяқ,
Жүгірсем жеткізбейді жалаң аяқ.

Жауабы: Көлеңке
Сен жүрмесең, ол да сірә жүрмейді,
Күнде жаңа, ескіріп көнермейді.
Көлге түсіп, қуаңға аунасаң да,
Тәніне шық, етіне шөп енбейді.

Жауабы:..
Күндіз бар,
Түнде жоқ.
Түзде бар,
Үйде жоқ.
Көз жұмсаң
Мүлде жоқ.

Жауабы: Көлеңке